Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін қалыптастырады.
Қазіргі таңда 13 санат бойынша есепке алу жүргізіледі:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1.1.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2. 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
3. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
4. Заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
5. Жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер;
6. Кәмелетке толғанға дейін ата – аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде, мерзім әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
7. Оралмандар;
8. Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
9. Көп балалы отбасылар (бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы);
10. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11. Толық емес отбасылар (кәмелетке толмаған балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы);
12. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар;
13. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар.

Сіздің назарыңызға аталған Заңға сәйкес қазіргі уақытта келесідей санаттар бойынша есепке алу жүргізілмейтіндігін саламыз:
Жалғыз басты аналар;
"Ардақты ана" атағы берілген аналар;
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын азаматтар.

Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылатындығын қосымша хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімдігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуі үшін негіздер жойылған жағдайда кезек тізіміне тіркелген азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылатындығын ескертеді.
Кезек тізімінде тіркелген азаматтар тұрғын үйді белгіленген тәртіп бойынша кезек ретімен алады. Кезек реті келгенде хабарландыру жіберіледі, сондықтан тұрғын үй қорын есепке алу секторына жеке келу міндетті емес.
Ұсынылған мәліметтер Сізге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50