Қазақша   Русский

RSS-лента

Біздің тарихымыз - ол бірлік пен тұтастықтың тарихы

Исатай-Махамбет тарихы қозғалған кезде, Жәңгір хан есімін айналып өте алмаймыз.

Ел тәуелсіздігімен бірге Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгірдің де саяси портреті қайта сомдалып, ғылыми дәйектерінің әлсіздігіне қарамастан, жаңа қоғамдық пікір қалыптастыруда көсемсөз шеберлерінің еңбектері алға шықты. Жәңгір ханның игі істерін ұлықтау шырқау биікке көтеріліп, оған кесене, ескерткіш, университет, көше, кітап дүкені, музей, мектеп атын беру шаралары жедел қарқынмен жүргізілді. Сөйтсе де, Отандық тарихнамада әлі күнге дейін Жәңгір хан тұлғасына қатысты бірізділік жоқ. Студенттік аудиторияларда кеңінен пайдаланылатын, еліміздің жетекші ғалымдары К.Есмағамбетов, М.Қойгелдиев, И.Кенжалиев, т.б. жазған іргелі зерттеулерде сын сағатындағы хан Жәңгір қимылын еш ақтап алуға болмайтындығы баса көрсетіледі, көк құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан бүгінгі жас ұрпақтың (еліміз бойынша мектеп партасында 2,5 млн. оқушы отыр. – автор) тарихи санасын қалыптастырып жатқан жалпы білім беретін орта мектептің 8-сыныбына арналған, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған, таралымы 108 000 дана оқулықта: «Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өзінің жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискалдық қаржы жүйесіне араласпады», «Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті», «Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті», т.с.с. жазылған. Бұдан Жәңгір ханның өте күрделі тұлға екендігі, сондықтан оны қоғамға насихаттаудағы ресми ұстанымда әлі бірізділіктің жоқ екені аңғарылады. Жәңгір хан хақындағы мемлекеттік рухани-идеологиялық көзқарастың бір ортақ ұлттық мүддеге жұмылдырылмауы, беделді ғалымдардың еңбектерінде «тамаша дипломат», «көреген қайраткер» ретінде дәріптеле бастаған тұлғаның сәулелі жақтарымен бірге, көлеңкелі істері де жетіп-артылатыны зерттеулер мен тарихи оқулықтарда көрсетілгендіктен, бүгінгі жас буынның тарихи санасы қарама-қайшылықтармен шырмалуда. Мұның сыры күні бүгінге дейін Отан тарихының көптеген принципті мәселелерінің түбегейлі дәйектелмеуінде жатыр.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үшін қай заманда да ежелгі және мәңгілік құндылық — әлеуметтік әділеттілік. Әлеуметшіл тұлға қашанда — мемлекетшіл! Сонымен, әзірше шешімі жоқ сұрақ, сонда қай тұлғаның мемлекетшілдігі басым: Исатай әлде Жәңгір?! Таным таразысына теңдей тартылғанда, салмақ қай жағында? Тауларымызды аласартпай, даламызды асқақтатайық деген қағида бұл жерде жүре ме? Сансыз сауалды бір мақалада саралап, Жәңгір хан мен Исатай батыр арасындағы күрделі күрмеуді шешу, әрине, қиын. Сондықтан біз оның бір қырын — сәті түсіп тұрғанда, хан ордасын шабуға келген батырдың неліктен кідіргендігі туралы мәселені жүйелегенді жөн деп білдік.

Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақтың хас хандары» атты мерекелік-мәдени шара өтті.
Шараға қаладағы мәдени орындар мен шығармашылық өнер ұжымдары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары мен қала жастары қатысты.
Саябақтың кең сахнасында мерекенің шымылдығын қаламыздағы мәдениет мекемелерінің өнер ұжымдары мен театр әртістері «Мәңгілік ел» атты театрландырылған қойылыммен ашты. Қойылымда Әбілқайыр хан бейнесі сомдалып, Қазақ хандығы тұсындағы тарихи оқиғалардан үзінділер келтірілді.
Сондай-ақ, қойылым арасында «Асыл әжелер» ансамбілі өнер көрсетіп, көрермендерге «Сары бидай», «Керім-ау, айдай» сияқты халық әндерін тарту етті.
Мерекелік шара барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тұмар» студенттер театры, Ақтөбе медициналық колледжі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, тағы басқа жоғары және арнаулы оқу орындарының өнерлі студенттері театрландырылған қойылымдар қойып, патриоттық әндер орындады. Сондай-ақ, «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі, «Самұрық» эстрада балеті, «Сұңқар» вокалдық тобы және Қазанғап өнер мектебінің би ансамблі сахнада би билеп, ән айтып, қаламыздағы мектепке дейінгі білім ұйымдарының кішкентай бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, испан тілі мен әдебиетінің белгілі маманы, Мадрид және Қазақ-Америка университетінің профессоры Самат Өтениязов Әбілқайыр ханды қазақ тарихындағы ең шоқтығы биік тұлғалардың бірі деп біледі.

Тарихшының айтуынша, Әбілқайыр хан туралы деректер сарапқа салынғанда, оның қырық жылдан астам уақыт Ресей басқыншыларына қарсы күрестің басы-қасында болған тұлға екені анықталған. Мұндай тұлғаның орыс патшасына бодан болуға өтініш жазуының астарында не сыр бар? Бұл мүмкін бе? «Міне, 90-жылдардың соңында осы мәселеге ден қойған академик Манаш Қозыбаев, профессор Жанұзақ Қасымбаев «Әбілқайыр хан тарихын қайта қарау керек» деген шешімге келген еді» — дейді Самат Өтениязов.

Біз оны сұхбатқа шақырған едік:

Үстіміздегі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз. Қазақ хандығы қандай мемлекет болды? Тарихымыздағы орны қандай еді?

Ирина Ерофеева

Қазақ Елінің, қазақ ұлтының тарихында теңдесі жоқ ұлы өнеге, өшпес із қалдырған ұлы қолбасшы, дана билеуші және әйгілі саясаткер Әбілқайыр хан туралы толыққанды тарихи еңбектер әлі күнге тапшы да, ол жайлы шала-жансар жорамалдар мен рас-өтірігін ажыратып алу қиынға соғатын аңыз-долбарлар көп.
Қазақтың тарихы қыл үстінде тұрған тарихи кезеңде ерлік, қолбасшылық дарынмен ерекше көрегендігімен ұлысты ғана емес, тұтас ұлтты құрып кету каупінен құтқарып қалған, жеке басының ерлігімен, даналығымен Қазақ даласында да, өзге ұлыстарға да даңқы жайылған Әбілқайыр ханның тарихи тағдыры қаншалықты қиын болса, ол дүниеден өткеннен кейін де оның есімі айналасындағы дау-шар толастап көрген жоқ. Тіпті, тарихшылар мен «ауызша тарихты» былай қойғанда, білгенін де, білмегенін де құса беретін, қиялдан тарих жасағансып, қызыл тілін ұялмай безейтін, қазақ тарихын сырттай ғана білетін күлдібадам жазушысымақтар да оның киелі есімін саудайы пиғылмен қорлауға дейін барғаны рас. Одан ұлы ханның, дана тұлғаның еңсесі кішірейген жоқ. Он сегізінші ғасырдың тарихын зерттеген салауатты тарихшылардың бір де біреуі Әбілқайыр есіміне соқпай өтпеген. Себебі, сол ғасырдың алғашқы жартысындағы шешуші кезеңдердің барлығында Әбілқайыр атқарған шешуші ролді оның өзі тұтас-бақталастары да теріске шығара алған жоқ. Бұл — тарихи шындығы. Бір өкініштісі — соңғы кезеңдері терең кәсіби талдауға, зердеге сүйенудің орнына «пәленшекең айтқанды» жалғаңқырап кете беретін қазақ тарихы көшелі пәннен гөрі «ғылыми-фантастикалық әфсанаға» көбірек ұқсап кетіп жүр. Бір қызығы — сол дарынсыз қияли «дүниеліктердің» қоғамдық пікірге, ұлттық санаға әсер етуден дәмесі де бар сияқты. Бір жақсысы — қазақы «тасқанудың» көбік-желігі енді ғана басылып, тарихтың барын бар, жоғын жоқ дей білу де салтқа ене бастады. Ұлы Әбілқайырдың толық тұлғасын бүгінгі ұрпаққа айқын таныстырудың да басталғаны сезіледі. Тарихшы Ирина Ерофееваның «Хан Абулхайир: полководец, правитель и политик» атты «Санат» баспасынан өткен жылы шыққан еңбегі Әбілқайыр сында ұлы тұлғаның шынайы болмысын танытуға арналған адал талпыныстың бірі. Біз сол еңбектен үзінділер жариялауды парызымыз санап отырмыз.

Халық ақыл-ойының қозғаушы күші — зиялы қауым болса, қазақ үшін сол зиялы қауымның мәңгілік бет түзейтін құбыласы — ұлы Абай болып қала бермек. Абайды тану — өзіңді тану. Сондықтан да біз әрдайым Абайға ораламыз, оның өміріне, халқына жасаған қызметіне, шығармашылығына қатысты әр деректі қымбат санаймыз.
Төмендегі мақала газетімізге Шығыс Қазақстан облысынан жолданған. Автор 1903 жылы ұлы ақынның басынан өткен шырғалаң туралы баяндайды. Бұл оқиғадан оқырман әр жылдары түрлі басылымдарға шыққан мақалалар, жазушы Думан Рамазанның «Құса» әңгімесі арқылы хабардар. Ал мұрағаттық деректер келтірілген мына мақала Абай ғана емес, қазақтың ХІХ ғасыр басындағы тағдырына, тарихына қатысы бар сол оқиға туралы бұрын білген-түйгенімізді толықтыра түседі.

Ақынды генерал да жақтаған

Мұрағаттық деректер. Олардың әншейінде елене бермейтін ғажайып қасиеті бар. Араға жылдар, тіпті ғасырлар салып оқыған тұста, өткен өмірдің кейбір қас қағым сәттерін алдыңа қайта жайып салады. Ал кейде өзің ешқашан көрмеген, бірақ та сен білмекке ынтызар жандарға кезіккендей күй кешесіз. Қысқа да сараң жолдар көп дүниеден хабар береді, аяқ астынан кенен кеніштің ұлылығын ұстатады.
Қазақтың алғашқы ағартушы-демократтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ел алдындағы еңбектері, ой – пікірлері жайлы құнды деректердің баршасы мұрағат қазынасынан ертелі-кеш табылып жатыр. «Абайдың өмірбаянын зерттеп, толықтырып жазу жұмысы жетер өрісіне жетіп, аяқталған жоқ. Ерекше көңіл бөліп, кейінгі зерттеушілердің есіне, әсіресе, салып өтер бір жай, ақын жөнінде орыс тілінде сақталған деректер туралы. Анығында, Абайдың өмірбаянын оқыған кісінің бәріне мәлім нәрсе оның патша ұлығымен, қызметшілерімен кеңселерде аса көп рет кездесулері туралы болады. Крестьян начальнигі, ояз начальнигі жандарал, округ соты, Омбыдағы корпус (генерал-губернаторлар) кеңселері — барлығының мұрағаттарында Абай жөнінде әлі де бірталай жаңалықтар табуға болатын тәрізді» — деп кезінде дұрыс жол сілтеген Мұхтар Әуезов еді.

Кіші жүздің кенже биі атанған Былшық биді еске алу шаралары аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Былшық би және дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты» тақырыбы бойынша өңірлік ғылыми практикалық конференция өтті.
Өңіріміздің ғалымдары бас қосқан ғылыми практикалық конференцияда алғашқы болып сөз алған Былшық биді еске алу шарасына қатысты бастамашыл топтың жетекшісі, белгілі қаламгер Мейірхан Ақдәулетұлы Кіші жүздің кенже биінің өміріне қысқаша тоқталып өтті.
Былшық би 1860 жылы дүниеге келген. Әкесі — Әбдібайдың Сейіті атақты бай, айбынды азамат болған. Азан шақырылып қойылған аты Құтаяқ болғанымен, өсе келе елді аузына қаратып, шешендігімен, даналығымен көзге түскен оны халық Былшық би деп атап кеткен. Ұлттың ұйытқысы болып, алға сүйреген көсемдерін ескіліктің өкілі деп жау санаған Кеңес өкіметі билікке келген тұста Былшық би де «халық жауы» деген атақпен түрмеге қамалып, бес жылдай қапаста ұсталады, сонда жазылмас дерттен көз жұмған. Сүйегі Ақтөбенің іргесіндегі Түйетөбеге жерленген.

Заманында атағы айналаға кеңінен танылып, әділ билігімен дау түйінін шешкен, сөзі талайға тоқтам салған асыл тұлға, Былшық би атанған Құтаяқ Сейітұлы жаңа ғасыр бастауына ел-халқына қайта оралғандай күй кешуде. Бұл — алтын кездіктің қын түбінде жатпайтындығының тағы бір дәлелі.
Жылдар жылжып өтер, ай айналар, бірақ өткеннің өнегесі бір күні бәрібір атойлап шығады. Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді, кейінгі ұрпақ қалай дегенде де тарихын түгендеп отыруға ұмтылады. Соның бір көрінісіне халық тағы да куә болды.
«Бекзат баба Былшық би» — Қарабұтақ жеріндегі салтанатты жиынның атауы осындай болды. Белгілі қаламгер, Былшық бидің есімін тарих тасасында қалдырмай, халқына қадірлі қалпында жеткізу жөніндегі ауқымды іс-шараның тізгінін ұстап, көп шаруаға ұйытқы болған Мейірхан Ақдәулетұлымұнда да әуелгі ізді жалғастырып, көшелі көшті ілгері бастады.
Ол аз сөзге көп мағына сыйғызып, биік тұлғаның келбетін сипаттап берді, заманы мен қоғамының қасіретін баян етті, енді-енді қолға алынып, жүйелене бастаған зерттеулер барысы туралы айтты. Былшық бидің «халықтың тарихын, философиясын, ұлы өнегелердің шежіресін даналық дәрежеде игерген, хан бұрылып қарарлықтай сес пен сұс, жұртты өнегесімен де, сөзімен де баурап аларлық арқалылық, сөздің күллі киесі мен жүйесін қапысыз білетін шешендік пен шеберлік, қанына қарайып тұрған қалың жұртты да, қара суды да тоқтата аларлық әділдік, соның бәрін мінсіз алып жүрерлік мәрттік, мызғуды білмейтін сөзіне, ісіне, сертіне беріктік» қасиеттерін халыққа, нақтырақ айтқанда, бүгінгі ұрпаққа қапысыз жеткізу маңыздылығын алға ұсынды.

АЯСЫНДА КІШІ ЖҮЗДІҢ СОҢҒЫ БИІ АТАНҒАН ӘЙГІЛІ ШЕШЕН, ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ ДӘРЕЖЕСІНЕ КӨТЕРІЛГЕН ТҰЛҒА — БЫЛШЫҚ (ҚҰТАЯҚ) СЕЙІТҰЛЫНЫҢ РУХЫНА БАҒЫШТАЛЫП ӨТКІЗІЛЕТІН ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ АЛДАҒЫ ЖҰМА, СЕНБІ КҮНДЕРІ АЛЫС-ЖАҚЫННАН АТ АРЫТЫП КЕЛЕТІН АҒАЙЫНДЫ, ҚАЛЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ҚАРАБҰТАҚ ЖЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛМАҚШЫ.
ӘДЕТТЕ ҚАНДАЙ ДА БІР АС-ТОЙДЫҢ НЕМЕСЕ МӘДЕНИ ЖИЫНДАРДЫҢ ӨЗІНДІК БІР ТАҒЫЛЫМ-ТӘЛІМІ БОЛАДЫ.
БЫЛШЫҚ БИ КҮНДЕРІ БІЗГЕ ҚАНДАЙ САБАҚ БЕРЕДІ? СӨЗ ҚАДІРІН ЕРЕКШЕ ҰҒЫНЫП, ТАЛАЙ ТАРТЫСТЫ ДАУЛАРДА ТУРА БИЛІК АЙТЫП, ЕКІ ЖАҚҚА ДА ЕШ КҮМӘНСІЗ ТОҚТАМ САЛҒАН АУЗЫ ДУАЛЫ АДАМНЫҢ ӨЗІ ӨМІРДЕН ӨТКЕННЕН КЕЙІНГІ БІР ҒАСЫРҒА ТАЯҚ ТАСТАМ ТҰСТА ҚАДІРІН БІЗ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰҒЫНЫП ЖҮРМІЗ?
БІЗ САЛТАНАТТЫ СӘТ ҚАРСАҢЫНДА ОСЫНДАЙ САУАЛДАР ТӨҢІРЕГІНДЕ БЫЛШЫҚ БИДІ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ БАСТАМАШЫЛ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР МЕЙІРХАН АҚДӘУЛЕТҰЛЫМЕН СҰХБАТТАСҚАНБЫЗ.

— Кіші жүздің кенже биі атанған осы бір ерекше тұлғаның өмірі «басы сайран, аяғы ойран» дерлік жағдайда өткені белгілі. Сөз басын оқырмандарымыздың молырақ мағлұмат алуы үшін Былшық бидің өмірдерегінен шолу жасаумен бастасаңыз.
— Ең алдымен айтарым, Былшық биі есіміне ие болған бұл адам қазіргі Әйтеке би аумағына қарасты Аралтөбе ауылы тұсында, ұлы Ырғыздың негізгі бастаулары бірігіп, үлкен өзен болып ағатын тұста, Өтеш саласының бойында 1860 жылы дүниеге келген. Әкесі — Әбдібайдың Сейіті атақты бай, айбынды азамат болған. Ол — әйгілі Көтібардың Есетімен замандас, сырлас адам екен. Сол әулие Есет алпысқа жақындаған Сейітке «Алла қаласа, ұлды боласың, ұлың — дана, атақты адам болады. Түсімде отыңның басынан бір бәйтерек өсіп, шаңырағыңнан шығып, мәуелеп тұр екен» деп өзінің түсін айтады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50