Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірінші кезеңде 197 үй салынатын болады. Қазір осы үйлердің иелерін анықтау үшін құзырлы органның өкілдері 2006 жылы тұрғын үй құрылысы үшін жер алу кезегінде тұрған азаматтардан өтініш қабылдауда. 2 мамырдан бастап 127 азамат осы бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріпті. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында…
Құрметті жолаушылар!Темір жол вокзалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес, 2017 жылдың 1 маусымнан бастап Ақтөбе, Орал темір жол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүгі мен жүктерін тексеру рәсімі енгізіледі.Тексеру рәсімі жолаушыларды вокзал ғимаратының кіре берісі мен шыға берісінде орнатылған доға тәріздес металл детектірдан өткізу арқылы іске асырылады, ал…
Бүгін Ақтөбеде «Достық» спорттық-сауықтыру лагерінің базасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 класс оқушыларына оқу-далалық жиыны басталды.Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің және Білім және Ғылым Министрлігінің 19.12.2014 жылы қабылдаған № 606 «Алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын…
Бүгін қалалық әкімдікте көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен Ақтөбе тұрғындарына көмек көрсету сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді.Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов су тасқыны салдарынан зардап шеккен ақтөбеліктерге қолдау және көмек бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпараттандырды. Үйлері пайдалануға жарамсыз отбасыларға «Нұр Ақтөбе» шағын ауданынан тұрғын үйлер, жатақханалардан бөлмелер, жер телімдері бөлінуде,…
Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 13 мамыр күні Қурайлы, Сазды және Жаңақоныс ауылдық округтерінде, 12 шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ) және «Алтай» базарында өтеді.Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде…
«Ақбұлақ»АҚ 16.05.2017 ж сағат 20-00 бастап 17.05.2017 ж сағат 20-00ге дейін Ақтөбе қаласының, «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданы су құбыры желілеріне хлордың жоғарғы мөлшерімен залалсыздандыру және шаю жұмыстарын жүргізеді. «Ақбұлақ»АҚ қала тұрғындарына ауыз суды артығымен алып қоюын сұрайды және келтірілген қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды.
Соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алуға арналған 72-ші салтанатты шеру Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық аудандарында өтті. 9 мамырда "Мəңгілік алау" даңқ ескерткіші алаңына соғыс жəне еңбек ардагері, əскерилер, қала тұрғындары жəне тағы басқалар жиналды. Олардың əрқайсысы еркіндікті қорғап, ұрпақтарына бейбіт аспан сыйлаған Отан қорғаушыларға бас иіп, құрмет көрсетуге келді.…
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 5 жанұяға «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. - Біз уәде бергендей ешкім назардан да, қолдаудан да тыс қалмайды, әрине Заң аясында. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кеттік. Комиссия отбасылармен жеке-жеке жұмыс істеп, олардың материалдық жағдайын қарастырып, әрбір үй бойынша нақты шешім қабылдады.Бүгін…
«Трансэнерго» АҚ, 2017 жылғы мамырдың 11-13 аралығында «Ақтөбе ЖЭО» АҚ бірлесіп магистралдық және ішкі тоқсандық жылу желілерін жыл сайынғы көктемгі гидравликалық сынақтан өткізетінін хабарлайды. Осындай іс-шаралар «әлсіз» орындарды табу үшін, ал жаз мезгілінде ақауларды жою және жаңа жылыту маусымын кедергісіз және мерзімінде бастауға қажет. Осыған орай көрсетілген мерзімде ыссы су…

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50