Қазақша   Русский

RSS-лента

Жетінші рет Ақтөбеде 14 және 18 маусым аралығында «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады» атты VII Халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі өтеді. Ол Ақтөбе облысының 85-жылдығына, мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына, «Экспо - 2017» Халықаралық көрмесіне, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова мен Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» Хыйуаз Доспанованың туғанына 95 жыл толу…
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2017 жылдың15 маусымындакезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырыды.Өткізілетін жері: Ағ.Жұбановтар көшесі, 289 А (Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимараты)Басталуы: жерг.уақытпен 10.00.Байланыс телефондары: 51-87-45, 90-72-89.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға осыдан бір ай бұрын Қурайлы ауылының жанынан жер телімдері берілген болатын. Қазір бұл аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов тұрғындармен кездесіп, құрылысты көріп қайтты. Тасқыннан зардап шеккен 55 отбасыға 8 сотықтан жер учаскесі берілген. Қазір құрылыс…
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 17-сессиясы болды. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов, әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Сессияда қалалық бюджеттің 2016 жылғы орындалуы туралы, Ақтөбе қаласы аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы, бюджеттің 2016 жылы орындалуы туралы тексеру комиссиясының есебі және басқа мәселелер қаралды.«Ақтөбе қаласының…
Алдымыздағы жексенбі күні 11 маусымда сағат 20:00-де Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақта мектептің аяқталуына орай мектеп түлектері үшін «Еркін сахна» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.Қалалық мереке алғаш рет осындай қызықты форматта өткізіледі, мұнда мектеп түлектері өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін саябақ сахнасында көрсете алады. Ата-аналарға, мұғалімдер мен сыныптастарына музыкалық және поэзиялық…
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты Астанада халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. – Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымды…
Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың, қала әкімінің орынбасарларының, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының, ардагерлер, ҮЕҰ өкілдерінің, ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, мемлекеттік мәдениет мекемелері, сәулет, ТКШ басшыларының қатысуымен қаладағы ескерткіштерге қатысты мәселелер бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті.Талқылау барысында Ақтөбе қаласы маңындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналып қойылған…
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде бизнес-ортаны түбегейлі жақсартуды және оны кеңейтуді белгілеген болатын, бұл жерде бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту қажеттігі туралы әкімдер мен Үкіметтің міндетін де көрсетті.Осыған байланысты Ақтөбе қаласының әкім І.Испанов «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп брифинг өткізді. Мақсат — БАҚ арқылы тұрғындарды…
Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі И.Испанов Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды. Кездесу барысында әкім оқушылардың жобаларымен танысты. Олар түрлі тақырыпта болды.Шараға білім беру, спорт, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және ауыл шаруашылық сияқты қалалық мемлекеттік мекемелердің басшылары да қатысты.Оқушылардың әзірлеген жобалары тәжірибелік қолдану тұрғысынан қаралды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50