Қазақша   Русский

RSS-лента

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын
қорғау комитеті мен Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы әкімдігінің арасындағы
Ынтымақтастық туралы меморандумға
1-қосымша

1. Жалпы ережелер

1. Актобе қаласы әкімдігінің жанындағы Үйлестіруші кеңес (бұдан әрі – Кеңес) «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық негізде жұмыс жасайтын қосымша кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметін Бала құқықтары туралы конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңына, осы Ережеге, балалардың құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқаты саласындағы өзге де республикалық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Өз қызметінде Кеңес адам мен азаматтың, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту, өз өңірінде демографиялық өсімді көтермелеу және ынталандыру, инклюзивті қоғамды дамыту қажеттігін басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:

4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Актобе қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын (бұдан әрі – бастама) жалпы үйлестіру.
2) Актобе қала әкімдігінің барлық құрылымдарының аудандағы балалардың жағдайы туралы статистикалық деректер жинау процесін қоса алғанда, бастаманы іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету.
3) Қала әкімдігіне бастаманы іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсету.
4) Жергілікті халықты бұқаралық ақпарат құралдары мен қаланың интернет-ресурстары арқылы бастама туралы үзбей хабардар ету.
5) Кеңес мыналарды:
а)Актобе қаласының әкімдігі дайындаған «Ақтөбе қаласындағы балалардың жағдайы туралы баяндаманы;
б) қалалар мен аудандардың балаға мейірімділігі индикаторларының негізінде
қаладағы балалардың жағдайын сандық бағалау нәтижелерін;
в)қоғамның осал топтарынан шыққан балаларды қоса алғанда, балалар мен жастарға консультациялар беру негізінде қаладағы балалардың жағдайын сапалық бағалау нәтижелерін;
г)бастаманы іске асыру бойынша бағдарлама мен іс-қимыл жоспарын бекітеді.
6) Актобе қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, спорт және балалардың демалысы салаларындағы бастамасын іске асыру жөніндегі бағдарламалар мен іс-қимыл жоспарларының орындалу барысына мониторинг жүргізеді.
7) Қазақстан Республикасының басқа қалаларымен және аудандарымен бастамашылықты іске асыру саласында ақпарат және озық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бастаманы іске асыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істейді.

3. Кеңестің құқықтары

5. Өзінің міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңес мыналарға:
1) Актобе қаласының әкімдігіне «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша сараптамалық қорытынды және ұсыныс беруге;
2) Актобе қаласының әкімі үшін жергілікті деңгейде балалар құқықтарының сақталуы бойынша талдамалық шолулар мен есептер дайындауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік органдарынан Кеңес міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

4. Кеңестің құрылу және жұмыс істеу тәртібі

6. Кеңес жергілікті атқарушы органдардың, балалар мен жастар ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың және басқа мүдделі ұйымдардың өкілдері мен тұлғалардан тұрады.

7. Кеңес төрағасы Актобе қаласы әкімінің орынбасары болып табылады.

8. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңес жұмысына басшылық жасайды және оның жұмысының ұйымдық нысандарын белгілейді;
2) Кеңес отырыстарын жүргізеді және оның шешімдерін бекітеді.

9. Кеңес хатшысы оның отырысына қатысушы мүшелердің жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы отырыста сайланады.

10. Кеңес өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды.

11. Шешімдер Кеңес мүшелерінің отырысына қатысушылардың жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

12. Кеңес шешімі Кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

13. Кеңес отырысы қажеттілік бойынша, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

14. Кеңес отырысы отырысқа оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50