Қазақша   Русский

RSS-лента

 

ҚР 2005 ж. 13 сәуірден № 39 «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, ҚР Үкiметiнiң 2005 жылы 20 шiлдедегi № 754 "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр сұрақтары туралы" қаулысына сәйкес және медициналық әлеуметтiк сараптама комиссиясымен әзiрленген мүгедектi жеке оңалту бағдарламасы негiзiнде мүгедектер протездi-ортапедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, арнаулы жүрiп-тұру құралы (кресло-арба), мiндеттi гигиеналық заттар және санаторлы-курорттық емделу көмектермен қамтамасыз етiледi.

Сонымен қатар, ымдау тілі мамандары саңырау мүгедектерге және жеке қөмекшілер жүріп – тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне қызмет қөрсетеді.

Ақтөбе қалалық мәслихаттың 2013 жылдың 20 желтоқсандағы № 188 «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай комек көрсетіледі үйде окитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2.атаулы күнде мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3. өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 32 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде.

     Ақтөбе облысының мәслихатының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, 1,2,3 топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» № 281 11.02.10 ж. шешіміне сәйкес мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ берген белгіленген үлгі бойынша емделуде арналған жолдамамен барған Қазақстан Республикасының шегінде жол жүру шығыны төленеді.

       Ақтөбе қаласында «Инватакси» қызметі жұмыс жасайды (3 көлік). Мүгедектерді тасымалды қызметтің «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ атқарады.

Ақтөбе қаласы бойынша бұрын мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізулеріне тізімдер бекітілген болатын.

Қазіргі уақытта 132 объектіге мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан көлік инфрақұрылымдарын және әлеуметтік объектілеріне толық түгендеу (паспорттау) өткізілді, оның ішінде 16 денсаулық сақтау мекеме, 3 әлеуметтік мекеме, 77 білім беру объектілері, 16 мәдениет объектілері, 2 спорттық мекеме және 6 тасымалдау қызметін көрсететін объектілер. 132 объектілерінен 120-сы бейімдеуге жарайды. 2015 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеуге қаражат бөлінеді.

       Ақтөбе қаласы әкімінің 16 сәуір 2010 жылғы № 968   «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы бойынша   жұмысшылар саны елу адамнан асатын жұмыс берушілер, жалпы жұмыс орнының 3 %   көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орнының квотасын белгілеулері тиіс.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50