Қазақша   Русский

RSS-лента

Материалдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
 
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
  
Бағдарламаның
атауы
«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама)
Әзірлеуші
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Бағдарламаның
мақсаты
Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламаның
міндеттері
Кәсіпорындар қолданып жүрген басқару және өндірістік технологияларды жетілдіру
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру
Іске асыру мерзімдері
2011 - 2020 жылдар
кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011 - пилоттық;
кезең - 2015 - 2020 жылдар
Нысаналы
индикаторлар
Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: Бағдарламаға қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту
Қаржыландыру көздері
2011 жылғы республикалық бюджетте 19,9 млрд. Теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазіргі
заманғы басқару технологияларын ендіруге арналған шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекітілген «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада» және «Елдің 2020 жылға дейін ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында» көрсетілген. Республикалық бюджеттен келесі жылдарды қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50