Қазақша   Русский

RSS-лента

Материалдар

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй

        Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға беріледі.

        ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына, осы елдi мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдарға пайдалануына берiледi.
         ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67 және 68 бабтарына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына келесілер жатады:

  1.     Ұлы Отан соғысының мүгедектерi;
  2.     әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар:

-  Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар

- I және II топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);

-  мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар;

- заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

-  жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

-  оралмандар;

- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

-  көп балалы отбасылар;

- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

-  толық емес отбасылар;

-  өкпе ауруының ашық түрімен ауыратын азаматтар;

-  батыр аналар;

-  жалғыз басты аналар;

  1.     мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар
  2.    Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жалғыз баспанасы апатты деп танылған  азаматтар

        Азаматтар мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар қатарына тұру үшін Ақтөбе қаласында есепте тұрса, соңғы бес жылда жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын дәлелдесе, барлық құжаттарымен Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 109 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-не жолығуларына болады.

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2014 жылдың 3 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2014 жылдың 4 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2015 жылдың 2 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2015 жылдың 3 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2015 жылдың 4 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2016 жылдың 2 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2016 жылдың 3 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Ақтөбе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2016 жылдың 4 тоқсаны бойынша тұрғын үй берілген азаматтардың тізімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50