Қазақша   Русский

RSS-лента

Материалдар

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

№_3229_                                                                         «10тамыз   2015ж.

Қала әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №2757 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақсан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Қала әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі №2757 «Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға жүктелсін.

            жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қала әкімі                                                                                          Е.Омаров

Жобаны ұсынушы:

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Оразаев

 

Қала әкімдігінің 2015 жылғы “_10__” ___08__

 

№3229 қаулысымен бекітілді

 

Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімдері

1.

Өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі           2015-2017 жылдарға арналған ішкі ведомство ішілік іс-шаралар жоспарын бекіту

2015-2017 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

тамыз,2015 ж

2.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарын және Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды анықтау

Бұйрықтар

(өкімдер)

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

тамыз,2015 ж

3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуы мәселелері бойынша мәжілістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу

Тиісті іс-шаралар өткізу

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

2015-2017 жылдар аралығында

4.

«Начни с себя – Өзіңнен баста» республикалық акциясына қатысу

Анықтама, интернет-ресурсқа, БАҚ-на берілген анықтамалар

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

Жыл сайын

5.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа тұрғындардың кеңінен қол жеткізуі мақсатында мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселелері» тарауларына тұрақты қол жеткізуді және жаңартылуын қамтамасыз ету

Интернет ресурстарындағы тиісті ақпараттар

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ауылдық округтер әкімдері

тұрақты

6.

ҮЕҰ тарта отырып, қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында қалалық, ауылдық кітапханаларда тақырыптық кітаптар көрмелерін, конферециялар ұйымдастыру

Тиісті іс-шаралар өткізу

«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

7.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-да ауқымды ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастыру

Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

тұрақты

8.

Жастар ұйымдарын тарта отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Жұмыс жоспары

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

Жыл сайын

9.

Барлық салалық бағыттағы қызметкерлер үшін мелекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын түсіндіре отырып, жадынама әзірлеу

материалдар әзірлеу

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

2016 жылғы     1-тоқсан

10.

ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша білім беру мекемелерінде кеңінен ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастыру;

Тиісті іс-шаралар өткізу

«Қалалық білім

бөлімі» ММ

Жартыжылда бір рет

11.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалу барысы туралы есептерді мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында немесе БАҚ-та жариялау бойынша шаралар қабылдау

Жарияланымдар

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

12.

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған жәшіктердің оң жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

Тиісті ақпарат

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

тұрақты

13.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қөріністерінің болу себебіне талдау жасау, мониторинг жүргізу және оларды болашақта болдырмау үшін шаралар қабылдау

Тиісті іс-шаралар

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

бар деректер бойынша

14.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, соның ішінде сатып алу, сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтығын арттыру жөнінде іс-шаралар кешенін қабылдау

Тиісті іс-шаралар (мәжілістер, семинарлар, курстар)

Қалалық мемлекеттік мекемелер

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ауылдық округтер әкімдері

тұрақты

15.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар, «қызу желі» өткізуді ұйымдастыру

қала әкімі аппаратына тиісті ақпарат

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

16.

Жер учаскелерін беру, оның ішінде аукцион, конкурс, сауда-саттық жүргізу арқылы   ашықтықты, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету

Тиісті іс-шаралар

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

Тұрақты

17.

Жер пайдаланушылардың және жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты БАҚ-та ақпарат жариялау

Тиісті ақпарат

«Ақтөбе қаласының қатынастары бөлімі» ММ

Жартыжылда бір рет

18.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиялар отырыстарында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының және 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәселелерді қарау

Отырыс хаттамасы

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

19.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиялар отырыстарында сондай-ақ мемлекеттік органдарда болашақта сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жоя отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын тыңдау

Талдау қорытындыларын тыңдау және қажетті шараларды қабылдау

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі)

Қалалық мемлекеттік мекемелер

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

20.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын және мемлекеттік қзыметшілер арасында этика нормаларын бұзудың алдын алуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимылды жандандыру

Бірлескен семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

Тоқсан сайын

21.

Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында және/немесе әлеуметтік желілерде құрылған беттерде тұрғындарға қолжетімді нысанда мемлекеттік органдардың салалық мәселелері бойынша мақалаларын орналастыруды қамтамасыз ету

Интернет ресурстардағы тиісті ақпараттар

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Ауылдық округтер әкімдері

2015 жылдың 3-тоқсаны

22.

Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық (БАҚ, интернет ресурс) ашықтығын қамтамасыз ету

ақпарат

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

жартыжылда бір рет

23.

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу

конкурс

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

Жыл сайын журналисттер күніне

24.

ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру, тұрғын үй қорынан коммуналдық (жалгерлік) тұрғын үй алу, мектепке дейінгі мекемелерге жолдама бойынша кезекте тұрған азаматтардың кезегінің тізімін үнемі жаңарта отырып, БАҚ және / немесе интернет ресурстарда орналастыру және жариялау

Кезектілік туралы тиісті ақпарат

«Қалалық жер қатынастар бөлімі» ММ

«Қалалық білім бөлімі» ММ

«Қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

тұрақты

25.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және олардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндерін өткізу

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

Жартыжылда бір рет

26.

Қоғамдастықтың пікірін зерттеу үшін қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі мәселелері бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу

әлеуметтанулық зерттеулер

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

жыл сайын

27.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұрғындар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылыққа ымырасыздықты қалыптастыру мәселелерінде   азаматтық қоғам институттарымен, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңеспен, өзге де қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды (бірлескен іс-шаралар) күшейту

Бірлескен іс-шаралар

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

Жыл сайын

28.

Жер учаскелерін сату жөнінде электрондық сауда-саттық жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мәселесін зерделеу және тиісті органға ұсыныс енгізу

Ұсыныс енгізу

«Қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ

2015 жылғы

3-тоқсан

29.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірқатар функцияларын бәсекелестік ортаға көшіру

Бірқатар функцияларды бәсекелестік ортаға көшіру

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі»ММ

2015 жылғы 4-тоқсан

30.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуды жеңілдету және оның ашықтығы, электрондық нысанда тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді ұлғайту жөнінде шараларды қарастыру

Электрондық нысандағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және санын арттыру

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі

Қалалық мемлекеттік мекемелер

Ауылдық округтер әкімдері

тұрақты

 

Қала әкімі аппаратының                                                                                                  С.Өтегенов

 

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50