Қазақша   Русский

RSS-лента

Материалдар

Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясы құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жүргізуде.

Құжаттарды қабылдау күнсайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1 қабат, №1 кабинетте, сағат 9.00 ден 17.00 ге дейін жүргізуде, тел: 21 26 20

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Заңының 7 бабына сәйкес мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi – өтiнiш);

2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi.

Осы Заңның 11 бабына құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды:

1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

2. Комиссия жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектісі туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға береді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50