Қазақша   Русский

RSS-лента

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді

Қала әкімдігінде Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаровтың қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өткізілді.
Мәжіліс барысында «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де рұқсат беру құжаттарын дайындау мен беруді жүзеге асыруда туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жөнінде мәселелер және құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.
Қаламыздың бас сәулетшісі, Алтынбек Қазиевтің айтуы бойынша, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына және «Мемлекеттік мекеме қызметінің ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім келесідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
1) СЖТ беру (сәулет-жобалау тапсырмасы)
2) Мекенжай мәліметтерін беру
3) Жарнаманың эскиздік жобаларын келісу және оларды орналастыруға рұқсат беру.
4) Діни ғимараттар құрылысына рұқсат беру.
5) Бұрыннан келе жатқан объектілерді қайта құруға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау) рұқсат дайындау (беру).
Жоғарыда аталған алғашқы үш мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арқылы көрсетіледі.
Арыз келіп түскен сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңымен регламенттеліп, 15 күн құрайды.
Қала әкімінің, қалған мемлекеттік қызметтер мен рұқсат құжаттарын беруді ХҚО-на тапсыру мүмкіндігі туралы сауалына, А.Қазиев ХҚО арқылы қалған мемлекеттік қызметтерді көрсету елді мекенге барып, қала құрылысы жағдайына қосымша зерттеу жүргізу қажеттілігіне байланысты қиындық туғызып отырғандығымен түсіндірді.
Мысалы, жобалық құжаттаманың әзірлемей берілетін шаруашылық құрылысын салуға рұқсат беру үшін жерді көзбен шолып, көбінесе шектес жерлердегі орналасқан объектілердің геометриялық параметрлері өлшемінің өндірісін тексеру керек болады.
Осындай жағдай құрылыс салынған аумақтарда әртүрлі бағыттағы объектілер құрылысының жобаларын келісу кезінде туындайды.
Жобаны қорғағанда жобалаушының болуы құрылыс объектісін орналастыруда көлемді-кеңістікте немесе реңі бойынша жобалаушымен қабылданған шешімді дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Егер де құрылыс жобасы қала әкімі жанындағы қала құрылысы кеңесінің мәжілісінде алдын-ала қаралған болса, онда жобаны келісуді ХҚО арқылы жүзеге асыруға болады.
«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламенті мен стандарты туралы толық ақпарат қала әкімдігінің www/akimataktobe.gov.kz сайтында, сонымен қатар Алтынсарин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан сәулет бөліміндегі стендте орналастырылған.
Сонымен қатар, А.Қазиев рұқсат беру құжаттарын ХҚО арқылы беру қызметін тапсыру мүмкіндігі бойынша жұмыс жасалатын болады деп сендірді.
Әрі қарай, құрылыс саласындағы сыбайлас жеморлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Асылбек Әлімбаев баяндады.
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ–сі құрылыс қызметі саласы және Ақтөбе қаласының инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік құрылыс саясатын жүзеге асырады. Сонымен қатар, бөлім мемлекеттік сатып алу конкурсының ұйымдастырушысы және тапсырыс берушісі ретінде 2014 жылдың басынан бері республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру, мәдениет, көп қабатты тұрғын үйлер мен басқа да мемлекеттік меншіктегі ғимараттар объектілерінің құрылысы бойынша 65 конкурс өткізді.
Мемлекеттік сатып алу мынадай принциптермен жүзеге асырылады: мемлекеттік сатып алулар үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктер, адал бәсекелестік туғызу. Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуде сатып алуды жүргізу туралы хабарландырулар мен олардың қорытындылары веб-порталда және интернет-ресурста жарияланып отырады.
Бөліммен «Ақтөбе қаласы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары» жүзеге асырылуда, яғни, сенім телефоны, электрондық пошта жәшігі бар, сонымен қатар, тұрғындар мен ұйымдар өкілдерінің лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың арызы «Мемлекеттік қызметкерлердің этикасын бақылау кітабына» қолы жетімді. Күн сайын бөлім басшысымен тұрғындар мен заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауы жүргізіліп отырады.
Өткізілген тендер қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілу барысы мен бюджет қаражаттарының игерілуі қатаң бақылауда.
Мәжілісті қорытындылай келе, қала әкімі әкім орынбасарларына, мемлекеттік мекемелер басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Ақтөбе облысындағы 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша аймақтық жоспардың жүзеге асырылуына тексеріс жүргізу барысында анықталған заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша адын-алу жұмыстар жүргізуді, Қазақстан Республикасындағы 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша салалық Бағдарламасы мен Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар Жоспарын қатаң бақылау алуға қажет.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйымдар қызметтерінде сыбайлас жемқорлық құбылыстарының орын алуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларға кешенді талдау жүргізуді қамтамасыз ету керек.
«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы А.Қазиев пен «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы А.Әлімбаевқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлері тарапынан рұқсат құжаттарын беруде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына жол бермеу бойынша шаралар қолдану туралы, бюджет қаражаттары есебінен салынып жатқан объектілерді пайдалануға беру мерзімі мен сапасына бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50