Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер

«Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы» ММ директоры Айғаным Сарқұлова айтқандай Орталық «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет тұрғылықты жері бойынша келесі топтарға көрсетіледі: психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға; тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға; психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге; бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға.

 

Қызмет түрі
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкер аптасына екі реттен кем емес, күндізгі уақытта, бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға келесі кепілді әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді: үй немесе пәтер жинау, тамақ пісіруге көмектесу, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып әкеліп беру, коммуналдық төлемдерді төлеу, тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдеу, зейнетақы төлеу орталығынан, банктерден, коммуналдық мекемелерден қажетті анықтамалар алу, хат жазу, жеделхаттар жіберу, қызмет алушыны емхана мен ауруханаға ертіп бару, нотариусқа еріп бару немесе үйге шақыру; бұрынғы жұмыс орнына, мәдени шараларға ертіп бару және тағы басқа. .

Қызметті қалай алуға болады
Мемлекеттік қызмет көрсетуге алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілінің жазбаша өтініші;
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешімі;
3) баланың тууы туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
6) сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Заңға сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет туберкулезбен, бірқатар психикалық аурулармен ауыратын және нашаға тәуелділерге көрсетілмейді
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен қоса ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме:
ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіз болуы.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерін жәрдемдесуге сенім телефоны арқылы шақырып жүзеге асыруға болады.
Жұмыс кестесі және мекен-жайы:
«Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы» ММ
Қабылдау күндері: күн сайын сағат 08-30-дан 18-00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) мен мейрам күндерінен басқа
түскі үзіліс 12-30-дан14-00-ге дейін
Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар, 289«А»
Телефон: 51-54-14, 95-09-45
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50