Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде жаңа балабақшалар мен мектептер салынады

Білім саласы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатындықтан қала әкімі Е.Омаров депутаттар алдындағы өз есебінде оны дамытуға толығырақ тоқталды.
Соңғы үш жыл ішіндегі мекемелерді қаржыландыру ырғағын талдау осы саланы дамытуға бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінетіндігін дәлелдейді. Қаланың білім саласын қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,6%-ға артып, 13 млрд.теңгедей құрады, бұл барлық қалалық бюджеттің шығысының 64%-ы.

Ақтөбеде ұйымдастырылған оқытумен және тәрбиелеумен барлығы 71000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қамтылған. 3 жыл ішінде қаланың білім мекемелерінің желісі 121-ден 151 объектіге дейін көбейді және білім бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен берілген.
2011, 2012 жылдар ішінде 59 мекемеге жөндеу жүргізілген. 2013 жылы 9 балабақша, 6 мектеп 182,6 млн.теңге сомасына жөнделінді.
Ағымдағы жылы 674,3 млн.теңге сомасына 30 білім объектісін күрделі жөндеу жоспарлануда. Негізінен назар жылыту жүйесін жөндеуге, шатырды жөндеуге және терезе жақтауларын алмастыруға бөлінетін болады.
2014 жылға 22 химия кабинетін жеткізу жоспарланған, бұл мектептерді қамтамасыз етудің жоспарлы көрсеткішін 78,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Қысқы мерзімде дене шынықтырумен айналысу үшін шаңғы мен коньки алуға қаржы бөлінді.
Қазіргі уақытта Ақжар-2 ауданында 320 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, ол №45 ОМ-ке түсетін салмақты азайтады, 12 ықшам аудандағы 600 орындық мектеп № 50 және № 53 ОМ контингентті төмендетуді қамтамасыз етеді. Барлық жоғарыда аталған объектілер ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталатын болады.
Одан басқа, қаланың аудандары бойынша оқу орындарына қажеттілікке жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 2014 жылы Жаңақоныс кентінде 600 орындық, «Нұр-Ақтөбе» ауданында 1200 орындық және Россовхоз селосында 270 орындық мектептер құрылысы басталды. Бұл объектілерді іске қосу 2015 жылға жоспарланған.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында соңғы үш жылда мектепке дейінгі мекемелер желісі 17 балабақшаға көбейді, соның ішінде бұрынғы балабақшаның 1 ғимараты (әділет) мақсаты бойынша қайтарылды және 3 мемлекеттік және 13 жеке балабақшалар қатарға берілді. Қала мектептерінің жанынан 21 шағын-орталық ашылды.
Қаіргі уақытта бұрынғы балабақшалардың 3 ғимараты (Күзет, Үміт, Физика-математика тектебі) қайтарылып, қайта жарақтандырылуда.
Мемлекеттік білім тапсырысы 2697 орынға 15 жеке мектепке дейінгі ұйымдарда орнатылған.
Осылайша, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2014 жылы 48,0% құрады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 75,5% құрайды.
Балабақшалардағы орындар тапшылығын біртіндеп азайту үшін тағы да бірқатар жаңа білім объектілерін салу жалғасуда.
Ағымдағы жылы Авиатор ауданында 320 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілетін болады.
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Нұр-Ақтөбе» тұрғын массивінде 320 орындық және Заречный-4 кентінде 150 орындық балабақшалар құрылыс басталды. Сол сияқты конкурс қорытындыларын өткізгеннен кейін Заречный-1 кентіндегі 150 орындық балабақша құрылысына мердігер анықталатын болады. бұл объектілерді іске қосу келесі жылға жоспарланған.
Жеке балабақша құрылысы (Батыс-2 ауданында 320 орындық ЖК Баймағамбетова) жүргізілуде, құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жылдың қазаны.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50