Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м.а. Нұрия Әбіләкімова хабарлағандай, «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 16 мемлекеттік қызмет, соның ішінде «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» қызметін көрсетеді.

Кімге тиесілі
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж Қазақстан Республикасының мүгедек азаматтарына беріледі. Жеке оңалту бағдарламасын Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101 үй мекенжайында орналасқан медициналық-әлеуметтік эксперттік комиссиясы жасақтайды.

Қызметті қалай алуға болады?
Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
1) бекітілген үлгі бойынша өтініші;
2) қызмет алушының және /немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
4) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;
6) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша – жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;
7) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
8) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші - жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;
тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
1) қызмет алушының және / немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
3) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;
4) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші - жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
1) бекітілген үлгі бойынша өтініші;
2) қызмет алушының және /немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
4) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;
5) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші - жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;
6) мүгедектігі туралы анықтама.
Құжаттар, салыстыру үшін түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттарды қабылдағаннан кейін мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

Қызмет ұсынушының жұмыс кестесі және мекенжайы
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі 289 А. Жұмыс уақыты сағат 8.30 -18.00 дейін. Аталған сұрақ бойынша мүгедектер және ардагерлермен жұмыс секторына хабарласуға болады. (№ 20 кабинет).

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50