Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақпараттық хабарлама

«Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 3, 6 – каб.) «Жергілікті манызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру» бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы жариялайды.

№ п/п Су айдының жалпы көлемі, га Көлдін атауы (су айдыны)
1. 16 Сазды көлінің телімі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аншылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік сай келетін барлық конкурсқа қатысушылар жіберіледі.
Конкурстық құжаттар пакетін 2016 жылдың қыркүйек айының 19-нан, қазан айының 3-не дейін жергілікті уақыт бойынша сағ 9.00-18.00-ге дейін келесі мекенжай бойынша алуға болады. Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3, 6-каб.
Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу үшін конкурсқа қатысуға тілек білдірген конкурсқа қатысушы тұлғалар келесідегідей ақпараттарды (конкурсқа қатысушының толық атауы, орналасқан жері, телефоны, конкурсқа қатысушының өкілінің аты-жөні, конкурсқа қатысушының өкіліне сенім хат берілген уақыты және жеке куәлігінің мәліметтері көрсетілу) ұсынуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдер конвертке салынып конкурсқа қатысушылармен « Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ келесі мекен жай бойынша беріледі: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3, 6-каб.
Конкурстық өтінімдерді тапсырудың сонғы мерзімі – 2016 жылдың 3 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2016 жылғы 4 қазан жергілікті уақыт 11.00-де келесі мекенжайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3, 6-каб. Конкурсқа қатысушылар конвертті ашуда қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7132) 21-96-77, факс: 21-55-16

№61                               15 қыркүек 2016 жыл

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы
су айдыны және (немесе) учаскелерін бекітіп беру»
бойынша өткізілетін конкурстың конкурстық
құжаттамасын бекіту туралы

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аншылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

            1.Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізуде конкурсқа қатысушыларға конкурстық өтінімдерін дайындауға және қатысуы үшшін берілетін конкурстық құжаттамасы қосымшаға сәйкес бекітіліп, құжаттарды қабылдау мерзімі қырқүйек айының 19-нан бастап қазан айының 3-не дейін жүргізілсін.

            2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

Бөлім басшысының м.а.                                                            М.Тукбулатов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50