Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы ел тірегі» атты өлеңдер байқауын өткізу туралы ереже

Published: 29 Қыркүйек 2016
1094 рет

I. Жалпы ереже

1. «Елбасы ел тірегі» атты өлең байкауы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады.

2. Байқауды өткізу шарттары, жұмыстарды бағалау критерийлері, байқау жеңімпаздарын іріктеу және марапаттау тәртібі осы Ережемен анықталады.

3. Байқау ұйымдастырушысы - «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі.

II. Байқау мақсаттары мен міндеттері

4Байқау мақсаттары мен міндеттері:

-дарындыларды анықтау;

-жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнің мерекелеу мақсатында жастарды біріктіру;

-ең үздік өлең жұмыстарын анықтау;

-патриоотық сезімге тәрбиелеу

III. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

5. Байқауға тек қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатыса алады.

6. Байқау жұмысы интернет желісінде немесе басқа да қоғамдық қол жетімді көздерде жарияланбауы тиіс.

7. Өлең жұмысы дербес қатысушының өзімен жазылуы тиіс.

IV. Байқау жұмыстарын ұсыну талаптары мен өткізу тәртібі

8. Байқау 2016 жылдың 3 қазаны мен 29 қараша аралығында өткізіледі.

9. Байқауға қатысу үшін өлең жұмыстары қағаз түрінде тапсырылады. Байқау жұмысына қатысушы туралы мәлімет қосымша бөлек бет болып жалғануы тиіс: тегі, аты-жөні, туған жылы, білім алатын оқу орнының атауы (ЖОО немесе АООО), байланыс телефондары (үй телефоны, ұялы байланысы, электрондық поштасы).

10. Өлең жұмысының нысаны мен мазмұнының бірыңғайлығы, жазылу мәтінінің байланыстылығы мен қисындылығы, тіл, лексика, грамматика және орфографика нормалары сақталуы тиіс.

11. Өлең жұмысының негізгі (титулдық) беті қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес Times New Roman қаріпімен, 14 өлшемімен және 1 см жоларалық интервалмен ресімделуі тиіс (бет нөмір қойылмайды) (Үлгі - 2 қосымшада).

12. Өлең жұмысы Microsoft Word мәтін редакторымен, Times New Roman қаріпімен, 14 қаріп өлшемімен және 1 см жоларалық интервалымен ресімделуі тиіс.

Өлең байқауының тақырыптары:

1.«Елбасы ел тірегі»

2. «Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі»

3. «Елдің дамуына және гүлденуіне жалынды жастардың рөлі»

4. «Туған жерім Қазақстан»

5. «Астана арман қала»

 

V. Байқау жұмыстарының бағалануы

13. Өлең жұмыстарын, құрамына байқау ұйымдастырушылары мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар қауымы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кіретін комиссия мүшелері бағалайды.

14. Байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды төмендегі критерийлер бойынша бағалайды, жеңімпаздарды марпаттау және ынталандыру туралы шешім шығарады:

- байқау тақырыптарына сәйкестігі;

- байқау мақсаттарына сәйкес мазмұнының қисындылығы;

- өзектілігі;

- безендіру эстетикасы мен ерекшелігі;

-стиль ережелерін сақтау

VI. Қорытынды шығару және байқау қатысушыларын марапаттау

15.  Байқауды өткізу мерзімі: 2016 жылдың 3 қазанынан 29 қарашасына дейін.

- 1 кезең: 2016 жылдың 3 қазанынан 14 қарашасына дейін жұмыстарды қабылдау жүргізіледі;

- 2 кезең: 2016 жылдың 15 қарашасы мен 25 қараша аралығында – жұмыстарды қарау және пікір білдіру, яғни келіп түскен өлең жұмысы жазылған мәтіннің интернет желісінде болу-болмауы тексеріліп, нәтижесінде байқау қорытындысы шығарылады;

- 3 кезең: комиссия дауыс беру арқылы әрбір деңгей бойынша ең үздік өлең жұмысын ұсынады – 28 қараша 2016 жыл.

16. Комиссия хаттама толтыру арқылы байқауды қорытындылайды және салтанатты түрде ең үздік мен жұмыс авторларын марапаттайды – 29 қараша 2016 жыл.

17. Байқау жеңімпаздары Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жүлделі орын алған 3 жеңімпаз Ақтөбе қаласының әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықпен марапатталады.

Байланыс ақпаратты:

Байқау жұмыстары «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-не тапсырылады: Т.Ахтанов көшесі 50, № 44, 48 кабинеттер.

                                   Байланыс телефондары:, 40-40-89, 21-97-60, 40-41-26

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50