Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың №1 хаттамасынан үзінді

| Автор:  
Published: 24 Тамыз 2016
326 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 13 Қазан 2016 07:33
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2016 жылғы 23 тамыз
Жергілікті уақытпен сағат 15.00.

КҮН ТӘРТІБІ:

Ақтөбе қаласындағы «Оңтүстік-Батыс-1» тұрғын үй алабындағы атаусыз көшеге М.Букееваның есімін беру туралы және Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне«Тәуелсіздік» даңғылы», «Тәуелсіздікке 25 жыл» атауын беру туралы

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы– С. Шынтасова, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері, жастар ісі және әлеуметтік- мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері, индустриалды даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері, тұрғын үй-коммуналды және инфрақұрылымды мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшелері, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – М.Қабыл, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Е.Кенжалы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы - Ж.Бисембин, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, ПИК өкілдері, қала тұрғындары.

         ТЫҢДАЛДЫ:

         Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – М.Қабыл, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Е.Кенжалы, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы - Ж.Бисембин.

         СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

М.Төрениязов - Батыс-2, 16 «В» үй ПИК-нің төрағасы, И.П.Кан– қала тұрғыны, Батыс-2 8,8/1,2,3,4 ПИК-нің төрағасы, А.Абдулаев – «Оңтүстік- батыс-1» тұрғын үй массивінің тұрғыны, К.В. Щвец – қалалық мәслихатының депутаты, заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссия мүшесі.

Ақтөбе қаласындағы «Оңтүстік-Батыс-1» тұрғын үй алабындағы атаусыз көшеге М.Букееваның есімін беру туралы және Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне«Тәуелсіздік» даңғылы», «Тәуелсіздікке 25 жыл» есімдерін беру сұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

«Жақтады» - 64

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалған жоқ» - 0

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы «Оңтүстік-Батыс-1» тұрғын үй алабындағы атаусыз көшеге М.Букееваның есімін беру туралы және Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне «Тәуелсіздік» даңғылы», «Тәуелсіздікке 25 жыл» есімдерін беру мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласындағы «Оңтүстік-Батыс-1» тұрғын үй алабындағы атаусыз көшеге М.Букееваның есімін беру туралы және Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне«Тәуелсіздік» даңғылы», «Тәуелсіздікке 25 жыл» есімдерін беру бойынша тиісті аумақ халқының пікірі ескерілсін.
  2. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – М.Қабылға:

Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
Сұлупан Шынтасова

Super User

Quisque interdum hendrerit molestie. Vestibulum adipiscing, tellus sit amet accumsan lobortis, Quisque interdum hendrerit molestie. Vestibulum adipiscing, tellus sit amet accumsan lobortis.

Сайт: www.smartaddons.com

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50