Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігі Ақтөбе қаласы бойынша 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Бекітілген жоспарға сәйкес қаланың атқарушы органдары қызметінің салаларында барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
Тоқсан сайын қалалық мемлекеттік мекемелердің іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ұсынған ақпараттары қорытындыланып, уақытылы облыс әкімдігінің аппаратына жолданып отырады. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторларының бірі алдын алу жұмыстары, мемлекеттік қызметкерлерді ҚР заңнамаларына енгізілген барлық өзгерістер туралы ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмайтын және мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін қатаң сақтауға ықпал ететін шаралар кешенің және нақты мысалдарды талқылау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қалалық әкімдік сайтында мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орындарды бөлу жөніндегі кезек және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезек орналастырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қалалық комиссиялардың отырыстары өткізіледі. Азаматтық қоғам өкілдерін енгізу мақсатында қалалық комиссиялар құрамына, соның ішінде жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру жөніндегі комиссияларға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдері енгізілген.
2016 жылы, «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі», «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2 мемлекеттік қызметшісі мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жазаға тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында қалалық бөлім басшыларымен тұрақты негізде мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу бөлігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде, соның ішінде мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде ашытық пен айқындылықты қамтамасыз етуде қосымша іс-шаралар қабылданады.
Бұқралық ақпарат құралдарында және қала әкімдігінің сайтында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде ақпараттар үнемі жаңартылып тұрады. Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік мекемелердің басшыларымен онлайн интернет – конференциялар өткізіліп, сонымен қатар Бюджеттік қаржылардың жұмсалуы туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында БАҚ-та және қала әкімдігінің сайтында бюджетті қалыптастыру және нақтылау, бюджеттік қаржылардың жұмсалуы, қаладағы және ауылдық округтердегі әлеуметтік объектілер, жол, инженерлік коммуникациялар құрылысы, көркейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту бағдарламасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу, жұмыспен қамту бағдарламасы және т.с. жөніндегі жұмыстар тұрақты жарияланады.
Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру, жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша аукциондар өткізу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын-үй беру және т.б. БАҚ-ДА ашық түрде, әлеуметтік желіде және Ақтөбе қаласының ресми сайтында кеңінен жарияланады.
Сонымен қатар, қалалық әкімдікте мектептің директорларын тағайындау үшін бос тұрған орындарға ашық конкурс жарияланып, конкурсқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, білім сапасын бақылау департаментінің қызметкерлері, прокуратура және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды.
Әкімдік басшыларының азаматтарды қабыдау кестесі, азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпарат үнемі жарияланып отырады.
Жыл сайынғы өткізілетін, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және жемқорлыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын «Өзіңнен баста» атты жемқорлыққа қарсы акциясының шеңберінде, сондай-ақ кірістің айқындылығын және тұрғындардың тарапынан мемлекеттік органдардың басшыларына деген сенімін арттыру мақсатында, өз кірістері туралы қаласының әкімі, әкім орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылғы 16 ақпандағы №1 шешіміне сәйкес, дәлелді құжаттарды жалғай отырып толық және мазмұнды ақпарат ұсына отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жоспардың тармақтарын жүзеге асыруда оңды жұмысы атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушық, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы заңдарың қатаң сақтау және құрметтеу мақсатында, сондай-ақ бөлім басшыларымен тәртіп пен құқықтық тәртіпті түсіндіру жұмыстары соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Қала әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
бас маманы
Адина Ниязова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50