Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде қаланы көркейту, абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда

Бүгін қалалық мәслихаттың депутаттары, қаланың Қоғамдық Кеңес мүшелері қала әкімдігімен бірлесе шағын және орта бизнес объектілеріне, мекемелер мен ұйымдарға қарасты аумақтарда абаттандыру Ережелерін сақталуын, жарнама құрылғылары мен маңдайша жазбаларының заңға сәйкестігін, ғимарат қасбеттерінің жағдайларын, олардың сәулет стиліне сәйкестігін, ғимараттардың сәулелі сәндік жарықтандырылуын тексеріп, қаланың бірқатар даңғылдары мен көшелерін аралады.
Барлығы қала аумағында шамамен 34 жұмыс тобы жұмылдырылды. Олар қаланың көшелері мен шағын аудандарында жұмыс жасайды.
Мысалы, жұмыс тобының мүшелері, соның ішінде қалалық мәслихат хатшысы С.Шынтасова, қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Баирханов, депутаттар, қаланың бас сәулетшісі және т.б. Әбілқайыр хан даңғылы мен 11 шағын ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандары мен мекемелеріне барудан бастады. «Word class» фитнес клубының аумағы абаттандырылмағаны, күзден қураған гүлдердің жиналмағаны, сәндік сәулелі жарықтандырудың жоқтығы белгілі болды. «Тері сарайы» СҮ иесіне ғимаратты жарық сәулелі безендіру туралы ұсыныс айтылды. Жұмыс тобы жолдың қарсы бетінде орналасқан абаттандырылған, сәнді жарық сәулелермен безендірілген, қаланың басты дағылының көркі болып табылатын «Сity shopping center» ғимаратын мысалға келтірді. Кәсіпкерлерге ғимараттары орталық даңғылдарда орналасқандықтан, олар қаланың заманауи талаптарына сәкес келу керектігін, алдағы келе жатқан мерекелерге орай, өз ғимараттарын тиісті қалыпқа келтіру қажеттілігі түсіндірілді.
Әсіресе жанында орналасқан сауда үйінің өкілдеріне ғимараттың қасбетінде орналасқан көптеген шағын дүкендердің жарнамалары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмейтіні туралы қатаң ескертулер берілді.
Ж.Баирханов шағын дүкен иелерімен кездесуге және оларға сыртқы жарнаманы орналастыру тәртібін түсіндіруге, біріңғай стильде сөрелерді безендіру нұсқаларын ұсынуға дайын екендігін білдірді. Бүгінде Ғимараттың қасбетін безендіру үшін дизайнерлік ұсыныстардан бастап, заманауи технологиялармен аяқталатын көптеген мүмкіндіктер бар.
Сондай-ақ, топ мүшелері Баишев атындағы облыстық кітапхана басшылығына ғимарат қасбетін тәртіпке келтіру, сәулелі безендіру туралы ұсыныстар берді.
Қалалық мәслихат депутаттары кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын, кәсіпкерлерді қалада тазалық пен тәртіпті қолдауға, өздеріне қарасты аумақты абаттандыруды, тұрақты негізде өздерінің ғимараттарының сәулелі сәндік безендірілуін қамтамасыз етуге шақырады. Әсіресе алдағы келе жатқан желтоқсандағы мерекелерге байланысты нысандарға мерекелік келбет келтіріп, безендірілу қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50