Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында жер учакелерін демалыс базаларды құрылыс үшін беру бойынша аукцион өткізілді

Бүгін Ақтөбе қалалық әкімдігінде жер учаскелерін демалыс базаларды құрылыс үшін беру бойынша аукцион (ағылшын әдісі) өтті. Демалыс базаларды орналастыру және қызмет көрсету үшін 3 жылға жалға беру құқығын алу үшін.
Аукционға қатысу үшін 28 өтініш түсті.
Аукционға жалпы көлемі 9 гектар 10 жер учаскесі шығарылды: Қонаев көшесінде, Ақтөбе су қоймасында, Кірпіш ауылында, К. Нокин даңғылында, (ЖЭО ауданында), «Киіз үй» мейрамхананың ауданында бөлінген. Бастапқы бағасы жер учаскесінің алаңына байланысты, 1 млн. теңгеден 2 млн. теңгеге дейін.
Аукцион қорытындысы бойынша 9 жер учаскесі сатылды. Бастапқы жалпы құны 15 млн. теңге, аукцион қорытындысы бойынша 30 млн. теңге құрады. Сатылмаған 1 жер учаскесі бойынша қайтадан аукцион өткізілетін болады.
Ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аукцион шарасы қалалық әкімдігінің akimat_aktobe Instagram аккаунтында онлайн режимінде жарияланды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50