Қазақша   Русский

RSS-лента

«Болашақ» шағын ауданында жаңа дүкен ашылды

Бүгін «Болашақ» шағын ауданында «Дина Express» жаңа дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Ж.Зине, «Лучшее решение» ЖШС өкілдері және тұрғын алабының тұрғындары қатысты. Өз ауданындағы сауда нүктелерге зар болған шағын ауданның тұрғындары енді жаңа дүкенді абыроймен бағалайтын болады.
«Дина Express» жаңа форматтағы заманауи технологиялар қолданылған өзіне-өзі кызмет ету сауда дүкені. Дүкен 1800-ге жуық пәтерге кызмет көрсетуге есептелген.
Жаңа «Дина» сауда обьектісінде 1,5-2,0 мың-ға жуық азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауар атаулары сатылымға шығарылады.
Дүкеннің жалпы ауданы 544 ш.м, инвестиция көлемі 30 млн.теңге және 24 жұмыс орны құрылды.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында «Лучшее решение» ЖШС-нің 14 сауда объектісі жұмыс жасауда («Дина» супермаркеттер желісі): 6 – супермаркет, 3 – көтерме сауда дүкені, 1 – дүкен, 3 – экспресс маркеті, 1 - гипермаркет.
Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында Новый ауылдық округінде экспресс маркеттің ашылды.
Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің хабарлауынша аталған көтерме сауда желісімен 33 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10 пайыздан аспайтын үстемақы қолдану жөнінде жыл сайын өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады. Меморандумның бұзылу фактісі тіркелмеді.
Осы орайда, жаңа дүкенде де әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемақысы 10 пайыздан аспайтын болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50