Қазақша   Русский

RSS-лента

Пресс – анонс "Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі"

2017 жылдың 22 ақпаны күні сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы, Кірпішті ауылы 368 учаскесі мекен-жайында орналасқан Теннис орталығы ғимаратында, облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың «Ақтөбе облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2017 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Облыс әкімінің есебі «Қазақстан-Ақтөбе» телеканалында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, интернет ресурстарында интерактивті онлайн көрсетілім: Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында, Youtube видео-каналында және облыстың барлық аудандарымен бейне-конференц байланыс ұйымдастырылатын болады.

Облыстың даму сұрақтары бойынша тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін жазбаша түрде ақпараттарды жинақтауға арналған арнайы жәшіктер немесе әкімдіктің сайты арқылы жіберуге болады.

Ұсыныстарды және ескертулерді жинақтауға арналған жәшіктердің орналасқан жері аудандық газет басылымдарында және әкімдіктің сайтында жарияланған.

Есептік кездесу өтетін күні арнайы ұйымдастырылған интернет ресурстары (онлайн) және саІІ-орталық арқылы (тел: 403213) сұрақтарыңызды қоюға болады.

Облыс әкімі аппараты

 

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне берілетін сұрақтар мен ұсыныстар үшін Ақтөбе қаласында және аудандарда арнайы қойылған жәшіктерінің ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ

Ақтөбе қаласы
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің әкімшілік ғимараты
Әбілқайыр хан даңғылы, 40

2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің әкімшілік ғимараты Т. Ахтанов көшесі, 50

3. «Анвар» гипермаркеті Нокин көшесі, 34
4. «Mega Aktobe» СОО М.Мәметова көшесі, 4

5. «Айна» СҮ Әбілқайыр хан даңғылы, 42

6. «Алтай» жабық базары Ағ.Жұбановтар көшесі, 285Б

7. Халыққа қызмет көрсету Орталығы Тургенев көшесі, 109

8. «Дина» гипермаркеті Ә.Молдағұлова даңғылы, 53А

9. «Жилгородской» базары Бейбітшілік даңғылы, 9А

10. «Домострой» СҮ Арынов көшесі, 1Р

11. Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония Женіс даңғылы, 31

12. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Т.Ахтанов көшесі, 52

13. Благодар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
К.Нокин ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37

14. Қарғалы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Қарғалы ауылы, Сәтпаев көшесі, 10А

15. Қурайлы ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Қурайлы ауылы, Жеңіс көшесі, 44

16. Новый ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Жаңақоныс ауылы, Базар жырау көшесі, 9

17. Сазды ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Сазды ауылы, Өнеге көшесі, 1
http://aktobe.gov.kz

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50