Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «ЭКСПО-2017» аясында «Жарқын болашақ келбеті» фестивалі өтті

Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы бірлесіп ұйымдастырған «ЭКСПО-2017» аясында «Жарқын болашақ келбеті» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған мерекелік шара №51 гимназия базасында өтті. Мерекелік шарада жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану пәндері бойынша өткізілген жоба қорғау сайысының, «Менің ЭКСПО-2017 көрмесіне қосар үлесім» тақырыбындағы эссе жазу байқауының жеңімпаздарын және сурет байқауынан өнерімен дараланып, оза шыққан дарындарымызды және олардың жетекшілерін алғыс хат, дипломдармен марапаттады.
Жаратылыстану пәні мұғалімдерінің «ЭКСПО-2017»-ге дайындық аясында жаңа бағыттарға бейімділігін анықтау, қолдау көрсету, тәжірибелерін жинақтап тарату, жаңа көзқарастарын анықтау мақсатында байқау жүргізілді.
Байқау негізгі «ЭКСПО туралы менің көзқарасым» суреттер байқауы, «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін?» тақырыбында макет дайындау, Ақтөбе қаласының әсем көрікті жерлерінен 7 минуттық бейнекөрсетілім әзірлеу кезеңдерінен тұрды. «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін?» екінші кезеңінде әрбір мектеп өздерінің тұрып жатқан аудандарының болашағын ғылыми тұрғыдан жобалап, макет дайындап көрсетуі өте қызықты, тартысты өтті. Бұл бөлімде № 1, 11, 12, 31, Сазды, 57 орта мектеп мұғалімдері мен оқушыларының дайындаған макеттері өте жоғары бағаланды.
Эссе байқауы бойынша 9-класс оқушылары «Жасыл экономика», 10-класс – «Мен неге «ЭКСПО-2017-ге» барғым келеді?», 11-класс – «Болашақ энергиясы» тақырыптарына өз ойларын көркем сөзбен жеткізді.
«EXPO-2017.Жарқын болашақ келбеті» атты суреттер және қолданбалы өнер байқауына қала мектептерінен барлығы 37-ден астам оқушылар қатысып, жұмыс сараланды.Оқушылар 11-12, 13-14, 15-17 жас үш жас ерекшелігі аралығында сайысқа түсті. Бұл байқаудың мақсаты: оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өскелең ұрпақты қолөнедің ұмыт қалған түрлерін қайта жаңғырту.
Жеңімпаздарға «Ұлттық өнер құпиялары» үйірмесінің оқушылары мен қаламызды талантты әнші, биші оқушылары өз өнерлерін арнады. Мерекелік шара концертке ұласты.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50