Қазақша   Русский

RSS-лента

«Нұр Отан» партиясының АОФ ғимаратында «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жалпықалалық дәстүрлі қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Жастарға арналған дәстүрлі қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі бағдарламасы: бос жұмыс орындар жәрмеңкесі,заңгер кеңесі,әлеуметтік сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.
"Сәтті қадам" партиялық жобасын жүзеге асыру аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов келіп, кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынып отырған бос жұмыс орындарымен танысты.

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту. Сонымен қатар, жоғарғы және арнаулы-орта оқу орындар түлектерінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесіне жолдама беріледі.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 76 мекеме білім, денсаулық сақтау, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салалы бойынша 922 жұмыс орны және 158 жұмыс орны «Работа для всех», «Тау» және «Нужные люди» жеке кадрлық агенттіктерімен ұсынылды.
Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Жәрмеңке 524 адам қатысты.
Жәрмеңке барысында: тұраұты жұмысқа - 92 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына - 13 адамға, жастар тәжірибесіне - 93 адамға жолдама берілді. Сонымен қатар, 18 адамға заңгер кеңесі беріліп, 22 адам «Өрлеу» жобасы, 9 адам шағыннесие мәселесі бойынша кеңес ұсынылды. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.
Ағымдағы жылы қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграм сайттарында жарияланды. Кестеге сәйкес, 11 бос жұмыс орындары жоспарланды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50