Қазақша   Русский

RSS-лента

Қоғамдық кеңес мүшелері Ақтөбе қаласы әкімінің және қалалық мәслихат хатшысының есептерін бекітті

 Бүгін Ақтөбе қаласы қоғамдық кеңесінің биылғы жылғы алғашқы мәжілісі болып өтті. Оған Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов, қалалық мәслихат хатшысы С.Шынтасова, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматтары, мемлекеттік органдардың басшылары, ҮЕҰ, партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілісті Ақтөбе қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Құдайберген Бекенов жүргізіп отырды.
Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін мәжіліс Instagram әлеуметтік желісіндегі қалалық әкімдіктің akimat_aktobe аккаунтында тікелей эфирде трансляцияланды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес 2015 жылы құрылған Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесі кеңесу-ақылдасу, бақылау органы болып табылады. Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты - азаматтық қоғамның қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірлерін білдіру.

Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде бұқараның пікірлерін ескеру, сондай-ақ қоғамдық бақылауды ұйымдастыру қоғамдық кеңестің міндеттері болып табылады.
Қ.Бекенов атап өткендей, ҚР «ҚР қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық кеңестің мәжілістерінде жергілікті атқарушы және өкілетті органдар басшыларының есебін тыңдау қоғамдық бақылаудың бір нысаны болып табылады.
Кеңес мәжілісінде Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың және қалалық мәслихат хатшысы С.Шынтасованың "2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы" есептері тыңдалды.
Одан кейін қоғамдық кеңес мүшелері берілген есептерді талқылап, қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының есептерін бекітті.

  • Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың есебі

    Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың қаланың қоғамдық кеңесінің 2017 жылғы 17 ақпандағы мәжілісіндегі есебі

    Қайырлы күн, құрметті мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері!

    Өткен 2016 жылды қорытындылайтын болсақ, қаламыз үшін жаман болған жоқ. Негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша өсім қамтамасыз етілді. Қалада өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 364,1 млрд. теңгені құрады, өсім 17,7 пайыз. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 153,9 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы көрсеткіштен 23,5 пайызға артып отыр. Сол сияқты тауар айналымының көлемі 2015 жылғы деңгейден 4,2 млрд. теңгеге артық. Жалпы мемлекеттік қолдаудың арқасында қаламызда жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артуда. Қазірде олардың саны 42 мың бірлікті құрады, өсім қарқыны 102,5%. Ақтөбе қаласы аграрлы - индустриалдық аймақ болғандықтан, қаланың агроөнеркәсіп саласын дамыту маңызды бағыттардың бірі. 2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артып отыр. Биылғы жылы біз егістік көлемін арттырып, 27 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың гектарға көп. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар қаламызда жақсы жүзеге асуда. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 33,6 пайызға артық орындалды, «Құлан» бағдарламасы 8,6 пайызға, ал «Алтын асық» бағдарламасы жоспардан 5 есеге артық орындалып отыр, бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар, қазіргі уақытта суармалы егістікті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы суармалы жерлердің көлемін 3689 гектарға жеткіземіз. Бұдан басқа суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін қосымша құрылыс жұмыстары жүреді. Осылайша, 2018 жылы қаладағы суармалы алқап көлемін 9 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл 1991 жылғы деңгей.

    Уважаемые депутаты и члены общественного совета!

    Как вам известно, в 2010 году началась реализация государственной программы ФИИР. В период с 2010 по 2015 годы в городе Актобе было реализовано 46 инвестиционных проектов, создано 3700 рабочих мест. Было вложено в экономику города 234,3 млрд. тенге. В прошлом году в рамках этой программы на территории города введено в экплуатацию 4 объекта на 4,8 млрд. тенге с созданием 388 рабочих мест. В текущем году запланирована реализация 11 инвестиционных проектов на общую сумму 14,5 млрд. тенге с созданием 546 рабочих мест. Можно отметить наиболее крупные проекты, такие как строительство производственного комплекса по сортировке твердо-бытовых отходов, строительство рельсосварочного завода, строительство тепличного комплекса и другие. Реализация вышеперечисленных инвестиционных проектов дает нам возможность диверсифицировать экономику города, создать новые рабочие места, а также обеспечит поступление дополнительных налогов в бюджет. Строительный сектор города является стратегическим приоритетом, где сохраняются высокие темпы развития. К примеру, в прошлом году объем строительных работ составил 63,8 млрд. тенге или же рост 11,5%. Кроме того, наблюдается положительная динамика по вводу жилья. Так, в 2016 году за счет всех форм собственности было сдано в эксплуатацию 479,3 тыс. кв. метров жилья, рост составил 16,9%. В прошлом году по государственной программе "Развитие регионов" в микрорайоне «Нур-Актобе» введено в эксплуатацию 3 жилых дома, что составляет 540 квартир. Вместе с тем, начато строительство 6-ти жилых домов на 1 278 квартир. Данные дома будут сданы в эксплуатацию в 2017 году. Особо хочу отметить, что в текущем году запланирована реализация пилотного проекта в рамках новой программы «Нұрлы жер» по строительству быстровозводимого малоэтажного жилья. Строительство будет осуществляться по технологии ДСК и в кирпичном исполнении. В микрорайоне «Нур Актобе» будет построено порядка 430 малоэтажных жилых домов с общей площадью 56 тысяч кв. метров. Рост объемов жилищного строительства в городе влечет за собой необходимость строительства новых инженерных сетей. За 2016 год было сдано в эксплуатацию 53 объекта инженерной инфраструктуры, а это 19,3 км сетей электроснабжения, 116,8 км сетей водоснабжения, 30,8 км сетей газоснабжения, 27,2 км канализации и 9,1 км теплоснабжения. В 2017 году запланирован ввод в эксплуатацию еще 70-ти объектов инженерно-коммуникационной инфраструктуры. Общая сумма на эти виды работ составляет более 17 млрд. тенге, если сравнивать с 2016 годом, то сумма выросла почти на 10 млрд. тенге. В целях исполнения программы по энергосбережению в прошлом году проводились работы по реконструкции уличного освещения. Были заменены устаревшие опоры и лампы накаливания на более экономичные светодиодные. Работы по капитальному ремонту и реконструкции проведены на 6 обьектах уличного освещения. Высвободившиеся старые опоры освещения устанавливаются на второстепенных улицах города, где раньше отсутствовало ночное освещение. Так, на сегодняшний день освещение уже установлено на 15 улицах. Кроме того, большая работа проведена по подключению существующего, но не горевшего уличного освещения. В результате в 23-х населенных пунктах и 4-х жилых массивах города было подключено более 3500 светоточек. Особое внимание уделяется улучшению дорожной инфраструктуры. В 2016 году на ремонт автомобильных дорог города из бюджета было выделено 3 млрд. 100 млн. тенге, реализовано 43 проекта транспортной инфраструктуры. Общая протяженность отремонтированной дороги в 2016 году составляет 36,4 км, что на 12,4 км больше по сравнению с 2015 годом. В 2017 году планируется реализовать более 50 проектов по ремонту дорог. Вместе с тем, в прошлом году проложено 40 км тротуаров и пешеходных дорожек. Это в 4 раза больше чем в 2015 году. Кроме того, мы провели ремонт и во дворах многоэтажных домов. В прошлом году произведено асфальтирование проезжей части и обустройство тротуаров 90 дворовых территории города. В целях комплексного решения данного вопроса за счет бюджетных средств установлено свыше 60 игровых детских площадок. В текущем году запланирован ремонт более 100 придомовых территории. Для приведения в надлежащее состояние второстепенных грунтовых дорог были проведены работы по щебеночной отсыпке 26 улиц, где ранее не было дорожного основания. В 2017 году мы запланировали обустроить щебеночным покрытием более 80 второстепенных улиц. Как известно, одна из причин разрушения асфальта это скапливающаяся и впоследствии замерзающая на нем вода. В связи с этим в прошлом году были построены ливневые системы на 5 улицах. Это улица Г.Жубановой, 101 стрелковой бригады, Иманова, М.Оспанова и по проспекту Санкибай батыра. В целях эффективного управления городской инфраструктурой с прошлого года были созданы 28 предприятий на основе государственно-частного партнерства. За данными Управляющими компаниями закреплены 28 участков на территории города Актобе и сельских округах. Данная форма управления уже показала свою эффективность. На сегодняшний день на обслуживание управляющим компаниям уже передан 71 бесхозный жилой дом. Также большое содействие было оказано управляющими компаниями при подготовке жилого фонда города к отопительному периоду. Как известно, очень много жалоб поступает от населения по вопросу общественного транспорта. В первую очередь это соблюдение интервала движения автобусов, качество самих автобусов, а также этика обслуживающего персонала. В связи с этим мы запланировали комплекс мероприятии по кардинальному решению данного вопросу. Во-первых, это диспетчеризация и развитие инфраструктуры. В настоящее уже создано ТОО «Центр управления пассажирскими перевозками города Актобе», которое непосредственно будет заниматься контролем за автопарками, совершенствованием маршрутов. Во-вторых, в пилотном этапе разработана система мониторинга автотранспортов, с помощью которой можно в режиме реального времени отслеживать автобусы. Из 89 автобусов ТОО «Пассажирское автотранспортное предприятие города Актобе» на 84 установлены GPS-трекеры, которые подключены к системе мониторинга автотранспортов, а также имеется договоренность с ТОО «Автопарк» по установке GPS-трекеров во всех автобусах предприятия. В-третьих, это обновление пассажирских автобусов. В целом запланировано приобретение порядка 300 новых современных автобусов, в том числе через механизмы ГЧП и в рамках соглашения с Европейским банком развитии и реконструкция. В 2017 году в целях придания архитектурному облику города историческую и культурную ценность истории народа Казахстана, запланированы работы по строительству музейных комплексов и памятников в честь батыров, героев и деятелей Республики Казахстан. А также для развития культурного досуга горожан разрабатывается проект по расширению парка имени Первого президента Республики Казахстан. В проекте предусмотрены спортивные тренажеры, сухой фонтан, скейт парк, детский городок, аттракционы, аквапарк, цветочная аллея, этнодеревня, зона искусственного леса и набережная. В целях создания дополнительных условий для отдыха жителей города рассматривается эскизный проект строительства пешеходного бульвара вдоль пр.Абилкайыр хана. В объем работ входит благоустройство центральной части города, с привязкой к существующим скверам и аллеям. Одним из приоритетных направлений государственной политики является сфера образования. В 2016 году на финансирование сферы образования города Актобе из бюджета выделены средства на сумму 17,6 млрд. тенге. Объем финансирования данной сферы вырос на 35,4% по сравнению с 2015 годом. В 2016 году открылись 2 детских сада и 3 средние школы. Кроме того, в микрорайоне «Батыс-2» открыта частная школа «Сымбат» на 600 мест. Однако, у нас до сих пор имеются школы с трехсменным обучением. В связи с этим нами разработана программа по ее ликвидации. В целом за два года в городе будет построено 19 общеобразовательных школ. Это 9360 ученических мест. Из них, в 2016 году уже начато строительство 4 школ. В текущем году начнется строительство 8 школ, а в 2018 году 7 школ. Также в рамках этих работ в 2017 году будет начато строительство двух пристроек к основным зданиям школ №15 и №29. В последние годы активно развивается государственно-частное партнерство по детским садам. На сегодняшний день в городе функционируют 56 частных дошкольных учреждений. Половина из них, то есть 27 частных детских садов были открыты только в прошлом году. В настоящее время в частных детских садах размещен государственный заказ на 23 315 детей. Таким образом охват дошкольным воспитанием детей от 3 до 6 лет составляет 84%. Нам необходимо продолжить данную работу и к 2020 году нами поставлена задача по 100 процентному охвату детей дошкольным воспитанием. Особое значение имеет развитие спортивной инфраструктуры города. Учитывая интерес молодежи к силовым видам спорта и здоровому образу жизни, в отчетном году за счет спонсорских средств в разных районах города и в сельских округах установлено 10 площадок уличных тренажеров для занятий силовыми видами спорта воркаут. Также для занятия экстремальными видами спорта в парке Первого Президента Республики Казахстан был построен современный скейт-парк. В текущем году нами запланирован большой объем работ по развитию спортивной инфрастуктуры. Имеются проекты по стройтельству 3 универсальных спортивных площадок для игры в футбол, воллейбол и баскетбол, проекты 7 хоккейных коробок, а также 5 площадок для ворк аут и стритбол с беговой дорожкой на 100 метров.

    Уважаемые присутствующие!

    Это основные моменты социально-экономического развития города, на которые я хотел бы обратить Ваше внимание. Как Вы видите, перед нами стоит множество задач и вопросов, требующих скорейшего решения. При поддержке акимата области, нами планомерно ведется работа по их последовательному исполнению. Президентом страны Актобе определен одним из центров агломерации, что накладывает на нас дополнительную ответственность, и мы приложим все свои силы, чтобы сделать его современным, благополучным, комфортным для жизни городом.

  • Ақтөбе қалалық мәслихаты хатшысы - С.П.Шынтасованың атқарылған жұмыстары бойынша қосымша баяндамасы

    Құрметті жиынға қатысушылар!

    Алдымда, қала әкімі өз есебінде атқарылған жұмыстарға нақты тоқталып өтті. Сондықтан, айтылған көрсеткіштерді қайталамай баяндамамды қысқаша ұсынуға рұқсат етіңіздер. Баяндаманың толық нұсқасы және слайд барлығыңыздың электрондық почталарыңызға жіберілді. Жылды қорытындылай келе, депутаттар жұмыстарының басты назарында ҚР Президенті жариялаған сайлауалды тұғырнамасы, Жолдауы мен өзге де маңызды құжаттар болды. Есептік кезеңде қалалық мәслихаттың 15 сессиясы өтті, олардың ішінде 5 кезекті, 10 кезектен тыс. Түрлі сұрақтармен 127 шешім қабылданды. Сессияларда барлығы 25 мемлекеттік мекеме басшыларының есептері тыңдалды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, мәслихаттың басты жұмысы бюджетті бекіту және оның орындауы болып табылады. Бюджет жобалары тұрақты комиссия отырыстарында талқыланып, депутаттар түрлі салалардың мәселелеріне өз ұсыныстарын жасады. 2016-2018 жылдарға қабылданатын бюджетті тұрақты комиссияда талқыланды. Мысалы: барлық бағдарламалар әкімшілерін тыңдап, отырыс барысында бюджеттің кіріс және шығыс жобаларына 20 ұсыныс берілді. Мысалы, бюджеттің кірісін ұлғайту мақсатында жалдамалы пәтерлерге, жеке такси қызметін көрсетушілерге салық төлеуді міндеттеуді жүктеу сияқты ұсыныстары түсті. Депутаттардың бастамасы бойынша қоғамымыздың әлеуметтік осал жандарына, оқушыларға қаламыздың бюджетінен тасымалдануы бойынша қаражат бөлінеді. Қазіргі таңда қаламыздың 22 мектебіне 2720 оқушылары тасымалданады. Осыған бюджеттен 40 млн.теңге, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды тасмалдауға арналған ИНВА ТАКСИ қызметіне жергілікті бюджеттен жылына 9,0 млн.теңгеден астам қаржы бөлінеді. Сонымен қатар кейбір сұрақтар өз шешімдерін әлі тапқан жоқ. Мысалы: мектептерде ыстық балалар тағамы. Депутаттар осы сұрақ бойынша мектептердің асхана жұмыстарымен танысып, материалдық техникаларының көнеруін, балаларға тиым салынған тағамдардың (чипсы, фанта, кола, сникерс) сатылуына куә болды. Осы сұрақ бойынша депутаттар асханалардың мектеп балансына көшіруін ұсынды. Бірақ бұл сұрақ Парламент Мәжілісінде қолдау таппады. Депутат Махамбетов Нұрлан бірнеше рет иесіз қалған желілер туралы сұрақты көтерген болатын. Бұл сұрақ қуанышқа орай қазіргі таңда шешілуде. Бекітілген жоспар бойынша мәслихатта бес тұрақты комиссия жұмыс атқарады. Өткен жылда 32 сұрақ, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы, бюджет, жер заңнамалары, тұрғындардың құқықтарының сақталуы тағы да басқа сұрақтар қаралған тұрақты комиссиялардың 20 кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттардың басты назарында "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы және қаланы дамытудың бағдарламасы, қаламыздың абаттандыру жұмыстары, жолдардың жағдайы секілді мәселелерді шешу болып табылады. Осы және өзге сұрақтар бойынша атқарушы органдарға 200 ден аса депутаттық сұратулар жолданды. Солардың ішінде қалалық жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, архитектура бөлімдерінен депутаттық сұратуларға жауап берілмейтіндігін атап өткім келеді. Біздің жұмысымыздың бөлінбес бөлшегі болып қоғамдық қабылдау болып табылады. Бекітілген кесте бойынша "Нұр Отан" партиясының ғимаратында және сайлау учаскілерінде депутаттар қабылдау жүргізеді. Қабылдау кестесі Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 2016 жылда түрлі сұрақтар бойынша 469 адам қабылданып, олардың 298 сұрақтары оңтайлы шешіліп, 171-не түсіндіру жұмыстары берілді. Сұрақтар шешілмеген жағдайда, депутаттар құзырлы органдарға сұратулар жолдады. Депутаттар әрдайым қайырымдылық іс-шараларға қатысып, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек, сондай-ақ түрлі іс-шараларға демеушілік көрсетеді. 2016 жылы депутаттармен көрсетілген көмектің жалпы сомасы 48 млн.тенгеден астам. Мәслихат қызметі туралы ақпарат әрдайым теледидарларда көрсетіліп, баспаларда шығарылып, сайтта, инстаграм мен өзге де әлеуметтік желілерде жарияланады. Қала бойынша атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Алайда тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағым/дарды саралай келе шешімін таппай отырған бірқатар мәселелерге тоқталып өтейін.  Жастардың қазіргі таңда өзекті мәселелерінің бірі - жұмысқа орналасу және қажетті мамандық таңдау. Осы мәселе кеше, қаламыздағы 9 - мектеп гимназиясының оқушыларымен өткен кездесуімде көтерілді. Сондықтан қалалық мәслихат депутатары, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері бірігіп аталған мәселе бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.  Учаскелік полиция инспекторлары қызметтерінің сапасының төмендігі. Осы бағтта жұмыстарды оңтайландырып, жандандыру қажет.  Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына жолданған хаттарға қарамастан, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы әліде жақсартуды қажет етеді, қалалық емханаларда мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылатын тегін дәрі-дәрмектердің уақытылы берілмеуі және жетіспеуі. Осы сұрақ бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен отырыс өткізу қажет. Бұл - ұсыныс!  Өскелең ұрпақтың мектептен тыс, бос уақыттарын тиімді пайдалану өзекті мәселелер қатарынан ешқашан түскен емес. Ал, қазіргі уақытта қаламыздағы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде қосымша үйірмелерге қатысатын балалардың саны күн санап артып келеді. Алайда, аталған мектепке қосымша ғимарат салу мәселесі 2008 жылдан бастап шешімін таппай келеді.  Тұрғындарды толғандыратын проблемалар қатарында қоғамдық көліктердегі тәртіп мәселесі, автобустардың ішкі-сыртқы тазалығы, жол жүру билеттерінің таратылмауы, қызметкерлердің теріс қылықтары, сондай-ақ қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы. В 2016 году в целях компенсации на общественном транспорте определенным категориям граждан было выделено 330 млн.тенге. Но, как оказалось это вызвало нарекания жителей. Например: жители сельского округа Новый, поселка Заречный вынуждены делать несколько пересадок, то есть платить несколько раз. Есть пенсионеры которые посещают поликлиники и вынуждены посещать дополнительные процедуры, а это снова затраты. Есть школьники которые посещают дополнительные кружки и им приходиться ездить на общественном транспорте тоже несколько раз. Ильяс Сапарбекович, депутатский корпус вносит предложения внедрить адресные или проездные билеты с определенными скидками на определенный период. А в целом по общественному транспорту предлагаем провести общественное слушания с участием перевозчиков и населения города.  Также, Воины - Афганцы, чернобыльцы приравненные к участникам ВОВ просят внедрить санаторно-курортные лечения. Их количество на сегодняшний день составляет 704 человек.  По Вашему поручению заместитель акима Л.Уразбаева обратилась к нам о создании группы, куда была включена депутат К.Масалимова по изучению условии детей обучающихся на дому. Как оказалось при опросе очень многие дети хотят учиться в общеобразовательных школах, играть на домбре, жалуются на редкое посещение учителей. Предлагаем дальше изучить условия этих детей, а их 114 человек и принять соответствующие меры.  Ильяс Сапарбекович, депутатский корпус предлагает в связи с частыми пожеланиями жители города по приобретению основных продуктов питания в связи со стабилизации цен проводить ярмарки, не только на рынке «Табыс», а организовать как в городах Астана, Алматы, Шымкент по субботам, воскресеньям или в праздничные дни в поселках Новый, «Нұр Ақтөбе», Каргалинский и других жилых массивах города организовывать на центральных улицах перекрывая дороги и назвать к примеру «Жәрмеңке жолы» Одним из часто задаваемых вопросов на приеме граждан является вопрос - выделение жилья. Мы считем, что Жилстройсбербанком недостаточно ведутся разъяснительные работы о проводимых программах среди населения. Поэтому нужно усилить работу в этом направлении, проводить разъяснительные работы среди насления, особенно среди молодежи. Айтылған мәселелерді шешіп, билік пен халықтың арасындағы саяси қарым-қатынасты нығайту үшін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің сақталуын, ұрпақ сабақтастығын көргіміз келсе әр шағын аудандарда ақсақалдар алқасын құру керек. Ақсақалдар алқасы - қоғамдық институт ретінде үлкен маңызды роль атқара алады. Қандай да бір билікке қа¬тысты іс-шара болсын ең алдымен жұрт ақсақалдар ал¬қа¬сына жүгініп, ал ақсақалдар өз тарапынан биліктің бұ¬ған қолдау көрсетуіне түрткі болар еді. "Нұр Ақтөбе" ауданында орналасқан №60 мектеп директорына осы аудан тұрғындарынан ақсақалдар алқасын құру тапсырылды. Алайда, бүгінгі күнге дейін бұл тапсырма орындалмай отыр. Қала тұрғындарының өмірін жақсарту, өмірдің барлық салаларын тұрақты дамыту үшін жақсы жағдай жасау - әрине бұл жергілікті атқарушы органның еңбегі, сондай - ақ депутаттар корпусымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен тиімді қарым - қатынастың маңызды рөл бары сөзсіз. Необходимо и дальше укреплять связь с населением, регулярно проводить встречи с избирателями, оперативно и эффективно решать социальные проблемы. Доводить до населения о вновь возводимых социальных объектах, ремонтов основных дорог, программы дворы и доводить до исполнительных органов проблемы жителей. Предлагаем совместно с исполнительными органами проводить один раз в квартал общественный прием, как проведенный 9-10 февраля текущего года в областном драматическом тетаре. Алдағы уақытта да біз жұмысымызды ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған мақсаттары, қаламыздың даму бағдарламасы аясында жұмыла отырып бірлесе қызметімізді жалғастырамыз. Осы жолда бәрімізге сәттілік тілеймін. Уважаемые присутствующие, прошу дать оценку работе маслихата города Актобе. Назарларыңызға рахмет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50