Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында жедел су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

Ақтөбеде көктемгі су тасқыны барысында жедел шаралар алу үшін қалалық су тасқынына қарсы штаб 17 наурыздан бастап жұмысын бастады.
Осы жылы Штаб «Табыс Ақтөбе» ЖШС аумағында Ә.Молдағұлова даңғылы, 50 мекен жайында орналасқанын тұрғындар назарына саламыз.
Су тасқынына қарсы штаб телефондары 241843, 241848.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары НағымжанАлдияров, биыл су тасқынына қарсы іс-шарасына 100 бірліктен астамсу сорғыш көліктері, оның ішінде 10-ы көлемі 10 куб-метр цистерналар жұмылдыралатынын хабарлады.

Сонымен қатар, 10 бірліктен астам самосвалдар, 3 бірлік қозғалмалы насостар және помпалар жұмылдырылады. 20 бірліктен астам ауыр техникалар, оның ішінде бульдозер, кран, экскаваторлар, тиегіштер, бара-ара, трал және т.б жұмылдырылатын болады.
4000 тонна инертті материалдар дайындалды.
Қазіргі уақытта, қаңтар айынан бастап қар полигонына 670 000 текше метрден астам қар шығарылды.
Былтырғы жылдың тәжірибесіне қарай, штабтан су сору немесе инертті материалдар түрінде көмек сұраған тұрғындарға, көмек су тасқыны комиссиясының тексерісінен кейін беріледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50