Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Наурыз мейрамына» 70 мерекелік киіз үйлер орнатылады, 5 тонна бауырсақ және 7 мың литр «Наурыз көже» дайындалады

Дәстүрге сәйкес Ақтөбеде «Наурыз мейрамы» кең көлемде атап өтіледі және мереке осы жылда да тыс қалмайды. Мереке қарсаңында және мереке күндері Ақтөбеде және қаланың ауылдық округтерінде 348 әлеуметтік-маңызды, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар өтеді.

Концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер және байқаулар, қайырымдылық акциялар, мерекелік шаралар мекемелер мен ұйымдарда, еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, мәдениет және спорт мекемелерінде, ойын-сауық орталықтарында өткізіледі.

Осы жылы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбеде және ауылдық округтерде 21 және 22 наурызда көптеген шаралар, халықтық қыдырулар ұйымдастырылады.

21-22 наурызда қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарымен, жоғарғы оқу орындарымен, колледждермен, мектептен тыс мекемелермен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта, «Мега Ақтөбе» ойын-сауық орталығының алаңында, Пушкин атындағы саябақта, «Ретро» саябағында, «Металлург» мәдениет Үйінің алаңында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония алаңында, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының алаңында   мерекелік бағдарламалар және халықтық қыдырулар, ұлттық салт және дәстүрлердің көріністері, байқаулар өтеді. Барлық 7 алаңдарда спорттық ойындар (арқан тарту, гір көтеру, доппен эстафеталар,ұлттық ойындар) өтеді.

Бірақ, 21 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағынан басқа барлық алаңдарда безендірілген киіз үйлер орнатылады.

21 наурыз күндіз сағат 12.00-ден 22 наурыз кешкі уақытқа дейін қала әкімдігінің қаулысымен Әбілқайыр хан даңғылының Ғазиза Жұбанова көшесінен Мәншүк Мәметова көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысына жабылады.

Осында қаланың ірі кәсіпорындары және ұйымдарымен, облыстық басқармалармен 30 киіз үйлерден құралған қаладағы ең үлкен ауыл ұйымдастырылады.

22 наурызда мерекелік концерттік бағдарламалар және халықтық қыдырулар, ұлттық салт және дәстүрлердің көріністері, байқаулар, спорттық ойындар 7 алаңдарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта, «Мега Ақтөбе» ойын-сауық орталығының алаңында, Пушкин атындағы саябақта, «Ретро» саябағында, «Металлург» мәдениет Үйінің алаңында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония алаңында, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының алаңында   жалғасын табады.

Ең ауқымды мерекелік салтанатты шаралар 22 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы ауданында Әбілқайыр хан даңғылында ұйымдастырылады.

Осы жерде мереке салтанатты ашылып, мерекелік әдеби-музыкалық, хореографиялық бағдарламалармен қалалық және облыстық мекемелердің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді.

Барлығы қала және ауылдық округтерде кәсіпорындар және ұйымдармен ұлттық нақыштағы 70-тен аса безендірілген киіз үйлер орнатылады, мерекелік бағдарламалар, ұлттық салт және дәстүрлердің көріністері, байқаулар, спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Әр киіз үй ұлттық нақыш стилінде безендіріліп, киіз үйлерде қазақ халқының салттары мен дәстүрлерін, тұрмыстық ерекшеліктерін бейнелейтін бұйымдар қойылып, дастархан жайылады, ұлттық тағамдардан: бауырсақтар және наурыз көжеден дәм татулар қарастырылады. Киіз үйлердің алдында мерекелік бағдарламалар, ұлттық салт және дәстүрлердің көріністері, байқаулар, спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Мереке күндері қаланың 5 ауылдық округтерінде 10 киіз үйлер орнатылып, мерекелік қыдырулар ұйымдастырылады.

Осы жылы алғаш рет басқарушы компаниялармен өз аумақтарында киіз үйлер орнатылып, ұлттық тағамдар таратылады.

22 наурызда теміржол вокзалы перронында «Ақтөбе магистральдық желілері бөлімшесі ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамымен киіз үй орнатылады.

21 және 22 наурызда қаланың алаңдарында 69 мейрамханалар және кафелермен мерекелік сауда және ұлттық тағамдар: бауырсақтар, наурыз-көже ақысыз таратылады. Ақтөбеліктер және қала қонақтары үшін 5 тонна бауырсақ және       7 мың литр «Наурыз көже» таратылады. Сонымен қатар, әрбір ауылда Алтыбақандар құрылады.

21 наурыз сағат 9.30-да Әуежай, теміржол вокзалы, «Сапар» және «Экспресс» автовокзалдары территорияларында орталық аялдамаларда қала тұрғындары және қонақтары үшін жастар ұйымдардың еріктілерінің ұйымдастыруымен құттықтаулар және мереке, ұлттық салт және дәстүрлердің көріністері өткізіліп, ұлттық тағамдар: бауырсақтар және наурыз көжеде таратылады.

Ұлыстың Ұлы күніне арналған

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» атты

мерекелік шаралардың жоспары

21 наурыз 2017 жыл

08.00                         «Шаттан халқым, Әз Наурыз келді!» жарапазаншылардың ақтөбеліктерді Наурыз мерекесімен құттықтауы.    

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы

мәдениет және демалыс саябағы.

«Дәстүрін жаңғыртқан Ұлы Наурыз!» алаңы

10.00 – 11.00 Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00   «Бастаңғы» дәстүрі аясында «Селтеткізер», «Ұйқыашар» сынды жоралар енгізілген мерекелік театрландырылған бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе медициналық колледжі.

12.00 - 13.00     «Көктемнің алғашқы көшеті!»атты көшет отырғызу дәстүрі аясында мерекелік ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе АГУ «Тарлан» колледжі.

13.00 –14.00     «Наурызым - нұрлы ырысым!» атты «Көрісу», «Алас» жорылғысы аясындағы театрландырылған мерекелік бағдарлама.

Жауапты:        Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

«Мега» ойын – сауықтық сауда орталығы алаңы.

«Нұрлы көктем» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Құт – мерекем, құт – берекем, Наурызым!» аттыалтыбақан аясындағы«Халықтық» «Сұңқар», «Інжу» вокалдық, және «Наурыз» қазақ ұлттық фольклорлық ансамблінің мерекелік думаны.

Жауапты: Қалалық мәдениет Үйі

13.00 - 14.00     «Әз,Наурыз – Ақтөбе төрінде!» атты жас талантты студенттердің мерекелік ойын – сауық бағдарламасы.

Жауапты:        С.Бәйішев ат.Ақтөбе Университеті

11.00 – 14.00    «Қыз қуу», «Ақ серек – көк серек» сындыжастар ойыны, серіжігіттер арасында қазақша күрессынды ұлттық ойындар,спорттық жарыстар, эстафета өткізу.

А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы.

«Ақылы теңіз дариялар» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Баталы ел – қазыналы ел»атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжі

12.00 – 13.00    «Наурызым – Мерейлі мерекем»атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: А.Жұбанов ат.Ақтөбе музыкалық колледжі.

13.00 – 14.00    «Жас Наурыз – жылдың басы» атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: Ақтөбе Қазақ – орыс Халықаралық Университеті

«Ретро» демалыс саябағы.

«Көңілді балақай!» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Ұлыс күніне Алақайдың шашуы!» атты балаларға арналған театрландырылған ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Облыстық «Алақай» қуыршақ театры.

12.00 – 13.00    «Көктемгі той - думан»   балаларға арналған театрландырылған ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе кооператив колледжі

13.00 – 14.00    «Біз бақытты бүлдіршін!» атты өнерлі балалардың мерекелік бағдарламасы

Жауапты: Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы.

Ғ.Жұбанова ат.Облыстық филармония алаңы.

«Наурыз - жыл басы» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Наурыз көктем – қош келдің!» атты мерекелік ойын- сауық мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

12.00 – 13.00    «Наурыз – нұрлы жол» атты театрландырылыған қойылымы және мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы.

13.00 – 14.00    «Құтты болсын көктем мерекесі!» аттымерекелік ойын - сауық бағдарламасы және викториналық сұрақтар.  

Жауапты: Ақтөбе политтехникалық колледжі.

«Нұр Отан» ғимарат алаңы

«Наурыз думан» өнер алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен «Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Жер әлемді жайнатқан,хош келдің Әз –Наурыз!»атты «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің және «Аққу» би ансамблінің мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Ғ.Жұбанова ат.Облыстық филармония.

13.00 – 14.00    «Наурызым – асыл айым» атты мерекелік бағдарлама.  

Жауапты: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік Университеті.

Ұлыстың Ұлы күніне арналған                                                                               «Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын!» атты мерекелік шаралардың жоспары

22 наурыз 2017 жылы

08.00                «Шаттан халқым, Әз Наурыз келді!» жарапазаншылардың ақтөбеліктерді Наурыз мерекесімен құттықтауы.    

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы

мәдениет және демалыс саябағы.

«Нұрлы көктем» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 11.30   Мерекенің салтанатты ашылуы. «Гүл көктем, нұр көктем құтты болсын!»атты мерекелік әдеби – музыкалық хореографиялық композиция.

Жауапты: Облыстық драма театры, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен қалалық білім бөлімі

11.30 – 13.00    «Құт – мерекем, құт – берекем, Наурызым!» аттыалтыбақан аясындағы «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің, «Халықтық» «Сұңқар», «Інжу» вокалдық, және «Наурыз» қазақ ұлттық фольклорлық ансамблінің мерекелік думаны.

Жауапты:Қалалық мәдениет Үйі

13.00 - 14.00     «Әз,Наурыз – Ақтөбе төрінде!» атты жас талантты студенттердің мерекелік ойын – сауық бағдарламасы.

Жауапты: С.Бәйішев ат.Ақтөбе Университеті

11.00 – 14.00    «Қыз қуу», «Ақ серек – көк серек» сындыжастар ойыны, серіжігіттер арасында қазақша күрессынды ұлттық ойындар,спорттық жарыстар, эстафета өткізу.

Жауапты:Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі

12.00-14.00                  «Домбыра - Пати» атты қала жастары арасындағы  

қазақтың хит әндерінен ән жарысы.

Жауапты: Облыстық жастар ресурсы орталығы.

«Мега» ойын – сауықтық сауда орталығы алаңы.

«Дәстүрін жаңғыртқан Ұлы Наурыз!» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Бастаңғы» дәстүрі аясында «Селтеткізер», «Ұйқыашар» сынды жоралар енгізілген мерекелік театрландырылған бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе медициналық колледжі.

12.00 - 13.00     «Көктемнің алғашқы көшеті!»атты көшет отырғызу дәстүрі аясында мерекелік ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе АГУ «Тарлан» колледжі.

13.00 –14.00     «Наурызым - нұрлы ырысым!» атты «Көрісу», «Алас» жорылғысы аясындағы театрландырылған мерекелік бағдарлама.

Жауапты:        Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

12.00 –14.00     «Қыл қалам шебері» атты қала тұрғындары арасында Ұлыстың Ұлы күніне арналған плакатқа сурет салу байқауы.

Жауапты: Қалалық білім бөлімі. Қалалық көркемсурет лицейі.

А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы.

«Көңілді балақай!» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Ұлыс күніне Алақайдың шашуы!» атты балаларға арналған театрландырылған ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Облыстық «Алақай» қуыршақ театры.

12.00 – 13.00    «Көктемгі той - думан»атты балаларға арналған театрландырылған ойын – сауық бағдарлама.

Жауапты: Ақтөбе кооператив колледжі

13.00 – 14.00    «Баталы ел – қазыналы ел»атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжі

«Ретро» демалыс саябағы.

«Ақылы теңіз дариялар» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Наурызым – Мерейлі мерекем»атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: А.Жұбанов ат.Ақтөбе музыкалық колледжі.

12.00 – 13.00    «Біз бақытты бүлдіршін!» атты өнерлі балалардың мерекелік бағдарламасы

Жауапты: Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Орталығы.

13.00 – 14.00     «Жас Наурыз – жылдың басы» атты қариялар қауымының тойбастары, мерекелік бағдарламасы, халыққа берер батасы.

Жауапты: Ақтөбе Қазақ – орыс Халықаралық Университеті

Ғ.Жұбанова ат.Облыстық филармония алаңы.

«Наурыз думан» өнер алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен«Наурыз» туралы әсем әндер

қосылады.

11.00 – 13.00    «Жер әлемді жайнатқан,хош келдің Әз –Наурыз!»атты «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің және «Аққу» би ансамблінің мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Ғ.Жұбанова ат.Облыстық филармония.

13.00 – 14.00    «Наурызым – асыл айым» атты мерекелік бағдарлама.  

Жауапты: М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстанмемлекеттік Университеті.

«Металлургтер» мәдениет Үйі алаңы

«Наурыз тойым – мерекем!» алаңы

09.00 – 10.00    Күмбірлеген күйлер мен «Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

10.00 – 11.00    «Қош келдің, Наурыз» «Металлургтер» мәдениет Үйінің үрлемелі оркестрінің мерекелік бағдарламасы.

11.00 – 14.00    Мерекелік думанның салтанатты ашылуы:

-                    Мекеме басшыларының құттықтау сөзі;

-                    Имам ақ бата береді;

-                    «Ата салты, Әз Наурыз» театрландырылған – хореографиялық композиция;

-                    «Сказка» бейнелеу өнері тобының көрмесі;

-                    «Өнер көзі халықта!» атты қолданбалы өнері жұмыстарының көрме – байқауы;

-                    «Наурызым – нұрлы ырысым!» ұлттық тағам байқауы;

-                    «Көштің көркі келіншек!» келіндер байқауы;

-                    Мәдениет Үйі шығармашылық ұжымы мен зауыт қызметкерлері арасындағы байқау жеңімпаздарының мерекелік бағдарламасы

Жауапты: «Металлургтер» мәдениет Үйі

«Нұр Отан» ғимарат алаңы

«Наурыз - жыл басы» алаңы

10.00 – 11.00    Күмбірлеген күйлер мен «Наурыз» туралы әсем әндер қосылады.

11.00 – 12.00    «Наурыз көктем – қош келдің!» атты мерекелік ойын- сауық мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

12.00 – 13.00     «Наурыз – нұрлы жол» атты театрландырылыған қойылымы және мерекелік бағдарламасы.

Жауапты: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма   театрының қазақ труппасы.

13.00 – 14.00    «Құтты болсын көктем мерекесі!» аттымерекелік ойын - сауық бағдарламасы және викториналық сұрақтар.  

Жауапты: Ақтөбе политтехникалық колледжі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50