Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа туылған сәбилерге туу туралы куәліктерін салтанатты түрде тіркеуі өтті

Баланың тууы адамның есінде жылы лебіз қалдырып, әрбір отбасы үшін ең басты қуаныш болып табылады.
«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы» қарсаңында, 17.03.2017 жылы Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен дәстүр болып қалыптасқан, ата-аналарға жаңа туылған сәбилердің туу туралы куәліктерін салтанатты түрде табыс ету шарасы ұйымдастырылды. Сондай- ақ, сәбилердің ата-аналарына балаларын табысты, нағыз патриот етіп тәрбиелеу шынайы тілектерімен салтанатты түрде туу туралы куәліктері мен Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты В.Щегельский демеушілігімен ұйымдастырылған естелік сыйлықтары табыс етілді.
Туу көрсеткішінің ақырын өсу үрдісі толық Қазақстанда, сонымен қатар біздің қаламызда да сақталып келеді.
2015 жылы Ақтөбе қаласында 12002 баланың тууы тіркелсе, өткен 2016 жылы 12981 баланың тууы тіркеліп, туудың 8% -ға өскенін дәлелдейді. Ал ағымдағы жыл басынан осы күнге дейін Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен 2242 жаңа туылған нәресте тіркелген.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50