Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында Наурыз мейрамына орай дәстүрлі қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғары және арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесі ұсынылды. Сондай-ақ, жәрмеңке қатысушылары арасында Бағдарлама аясында шағын несие алу мүмкіндіктері бойынша ақпарат берілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 58 мекеме білім, денсаулық сақтау, құрылыс, көгалдандыру және аббатандыру, сауда және қызмет көрсету салалы бойынша 254 жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Жәрмеңкеге қатысқандар саны - 514 адам. Жәрмеңке барысында 80 адамға жолдама берілді. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграм сайттарында жарияланды. Жыл басынан бері 2 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 176 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50