Қазақша   Русский

RSS-лента

«Наурыз» мерекесін өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 21 наурызда сағат 12-00-ден бастап 2017 жылғы 22 наурызда сағат 22-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ ауданында Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткеліндегі барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын.
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-сына «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көлденең көшелер бойындағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50