Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Айдашева Рузия Әдиетқызы тағайындалды

1961 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие біліктілігі бойынша аяқтаған.
Батыс Қазақстан облысы Семиглавомарск аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бухгалтері, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің аға экономисті, бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Ақтөбе облыстық филиалы басшысының орынбасары, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысы, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ төрайымы болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50