Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде 15 сәуірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу өз жалғасын табуда.
Кезекті жәрмеңкелер 15 сәуір күні Қарғалы және Благодар ауылдық округтерінде, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (мектеп аумағы), «Тұрғындар қалашығы» ауданы (коммуналды шағын базар аумағы), «Алтай» базары, 12 шағын аудан (Халық банк жанындағы автотұрақ) және де «Табыс» коммуналдық базарында өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жылыжай шаруашылықтарының өнімдері ұсынылады («Рамазан», «Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Ақтөбе Жылыжай», «Изет Гринхаус», «Риол», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50