Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуіне байланысты азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

Ақтөбе қаласы әкімі І.Испанов Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және "Е-Халық" ақпараттық жүйесін Ақтөбе қаласында енгізу мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
ҚР Президентінің 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге бес негізгі басымдықтарды анықталғанын және 30 озық елдердің құрамына ену мақсаты туралы қала әкімі айтып өтті.
Адам капиталының сапасын жақсарту төртінші басымдық болып табылады.
2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Қазақстанда мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілікпен қамтылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.
Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылатын болады. Әлеуметтік осал топтар мемлекеттік қолдау табатын болады.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында 2018 жылдың 1- қаңтарынан бастап 14 санат анықталған, олардың медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейтін болады.
2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты жоспарлы медициналық көмек тек МӘМС жүйесіне жарналары түсетін азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Атап айтқанда, 14 санат бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылар (соның ішінде балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, жұмыс жасамайтын жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған азаматтар, 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс жасамайтын тұлғалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен Ұлы отан соғысының ардагерлері, жұмыс жасамайтын оралмандар, «Алтын алқа, Күміс алқа», «Мать-героиня» және І-ІІ дәрежелі «Материнская слава» мадақталған көп балалы аналар).
Ал жалдамалы жұмысшыларға, 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап аталмыш төлем түрін жұмыс беруші жібереді.

Салық органдарында тіркелген жеке кәсіпкерлер өз-өздеріне 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап МӘМС жүйесіне жарналарын төлеуге міндетті. Оларға: жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары жатады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз етуді енгізуге байланысты Елбасы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізуді тапсырған.
Қалада арнайы штаб құрылып, оның ұйымдастырушысы ретінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі айқындалған, 28 мобильдік топтар құрылды, оның құрамына: халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті полиция мен басқарушы компаниялардың өкілдері кіреді.
Олардың алдында әрбір үйге, пәтерге баруға, тұрғындармен кездесуге, заңнаманның жаңалықтарын түсіндіру бойынша және сауалнама толтыру міндеттері қойылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қала тұрғындары өз мәртебесін анықтауы тиіс, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыс істемейтін ақтөбеліктер өз мәртебесін анықтауға тиіс.
Бұдан басқа, мобильдік топтармен мектептер және балабақшалар, жоғары оқу орындары қамтылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50