Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеліктер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тегін депозит аша алады

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»АҚ депазит ашқан үшін комиссия ұстамайтын болды. Бұл туралы «ҚТҚЖБ» АҚ АОФ директорыБауыржан Жуаспаев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның сөзінше, «ҚТҚЖБ» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылысы жинағы туралы келісімшартқа қол қойғаны және келісімшарттық соманы көбейткені үшін алынатын комиссиялық алым 0 (нөл) теңге көлемінде бекітілді.
- Салымшылар жаңа шартты жоғары бағалады.Егер 2016 жылы орта есеппен күн сайын 60 жаңа жинақ ашылса, өткен аптада барлық рекордтар жаңартылып, күніне орта есеппен 220 жинақ ашылды. Өсім 3,6 есе көп,-деп хабарлады Бауыржан Жуаспаев.
Бұдан бұрын тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшартқа қол қойғаны және келісімшарттық соманы көбейткені үшін алынатын комиссиялық алым мөлшері келісімшарт пен көбейтілетін депозит сомасының 0,55% құраған болатын.

Ақтөбеде 2017 жылы ҚТҚЖБ-нің 1,2 мың салымшысы қоныс тойын тойлайтын болады

Қазіргі таңда Ақтөбеде «ҚТҚЖБ» АҚ салымшылары үшін 1278 пәтерлік тоғыз қабатты алты үй тұрғызылуда. Үйлерді 2017 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2017 жылдың соңына дейін салымшылар кілттерін қолдарына алып, пәтерлеріне қоныстана алады.
«ҚТҚЖБ»АҚ АОФ директоры Бауыржан Жуаспаевтың айтуынша, баспананың 1 шаршы метрі - 100 000 – 110 000 мың теңгені құрайды.
-Аталмыш нысандар өңірде инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы биліктің желісі бойынша салынуда. Бұл дегеніңіз, шаршы метрі тек салымшылар арасында ғана емес, әкімдікте кезекте тұрғандар арасында да 50 де 50 қағидасы бойынша жүзеге асырылмақ. Айта кету керек, коммуналдық тұрғын үй қорындағы баспанаға мұқтаж азаматтар сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің де салымшысы болуы қажет. Сонымен бірге, ҚТҚЖБ-де салымды тегін ашу мүмкіндігі қарастырылған,-деп Бауыржан Жуаспаев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында нақтылады.
Салымшылар пәтер сатып алушылардың пұлға өтініш қабылдау туралы хабарландыруларын, сонымен қатар, нысандардың сипаттамасын www.hcsbk.kz сайтынан біліп, таныса алады және баспананы сатып алу үшін өтініш бере алады.

«Актөбе ақпарат» орталығы

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50