Қазақша   Русский

RSS-лента

Қалалық әкімдікте су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету мәселесі талқыланды

Бүгін қалылқ әкімдікте Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның төрағалық етуімен көктемгі су тасқынына зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша мәжіліс өтті.
Мәжіліске қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпорындардың, кәсіпкерлік нысандарының, қоғамдық ұйымдардың, оқу орындарының, БАҚ өкілдері, блогерлер және басқалар қатысты.
Ләззат Оразбаева атап өткендей, көктемгі су тасқынына байланысты Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен жергілікті масштабтағы табиғат сипатындағы төтенше жағдайлар жарияланды. Мұндай шешім қаланың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан түскен ұсынысты талдаудан кейін қабылданды. Бұл шешім 16 сәуірде Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен өткен шұғыл мәжілісте хабарланды, сол күні төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның шұғыл мәжілісі өтіп, онда су тасқынына қарсы күреске байланысты бірінші кезекте адамдарды құтқаруға және олардың мүлкін сақтап қалуға бағытталған шаралар туралы мәселе қаралды.
Қала әкімі суға кеткен бау-бақша ұжымдары аумақтарын тексеру жөнінде комиссия құрды, комиссия су тасқыны басылғаннан кейін келген шығынды анықтау және су тасқыны зардаптарын жою жөнінде шаралар алу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Су тасқынына қарсы күрес штабына туындаған мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін уақытында қарау, су тасқынына ұшыраған жерлерде тәлік бойы кезекшілікті, азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастыру тапсырылды; жергілікті полиция қызметі басшылығына су тасқыны болған аумақтарда ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазіргі кезде уақытша орталықтарға көшірілген адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау міндеті тұр. Көптеген азаматтар тек құжаттарын ғана алып үлгерген, оларға ең алдымен керекті заттар жетіспейді.
579 саяжайлардағы үйлер мен аулалар (оның ішінде бір тәулікте 464) зардап шекті, (5 саяжайдағы үй құлап қалған). 1174 адам көшіріліп, 69 адам құтқарылды (бір тәулік ішінде 873/73 бала және 49/11 бала тиісінше).
Адамдарды уақытша орналастыру мақсатында орта мектеп базаларында 7 пункт жасақталды: оның ішінде 4 пунктке 695 адам (210 бала) орналастырылды. 102 адамға (37 балаға) психологиялық көмек көрсетілді. 672 адам туға-туыстарына орналасты.
Қалалық әкімдіктің басшылығымен қалалық штаб төтенше жағдайлар енгізілуіне байланысты бюджет қаржысы есебінен уақытша пункттерде орналасқан адамдарды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, матрацтармен және көрпе-төсекпен, гигиеналық және ең алдымен керекті заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырды.
Бірқатар кәсіпорындар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік желілердегі топтар, волонтерлер, қаланың тұрғындары соңғы бірнеше күннің ішінде өз еріктерімен уақытша көшіру орындарында,ы адамдарға көмек көрсетуде, азық-түлік, киім-кешектер, бірінші кезекте керекті заттар жинастырды.
Бүгінгі күні тікелей әкімдікке, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы бау-бақша массивтерінде зардап шеккен адамдарға көмек көрсету, бірыңғай есепшот ашу, қаржы беру жөнінде көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Қаланың ұйымдары мен мекемелері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға дайын екендіктерін білдірді.
Су тасқыны кезінде ақша аудару, азық-түлік пен киім-кешек беру ғана емес, су тасқыны тоқтағаннан кейін де бау-бақша массивтеріндегі адамдардың үйлеріне қайтуы үшін көмектесетін волонтердар, студенттер отрядтарын құру туралы да ұсыныстар түсуде.
Зардап шеккендер үшін түскен көмектің бөлінуі ашық болуы және бақылау мақсатында құрамында қоғам қайраткерлері, депутаттар, БАҚ өкілдері, блогерлер бар қоғамдық комиссия құру туралы ұсыныстар да түсті.
Мәжіліс барысында осындай комиссия құрылып, материалдық және қаржы көмектерді бөлу тәртібі анықталды.
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Әжібаев көрестіліп жатқан қайырымдылық көмекті орталықтандыру және дұрыс бөлу үшін барлық қаржыны «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорына аудару туралы ұсыныс жасады.
Одан кейін Л.Оразбаева, С.Шынтасова, Р.Айдашева журналистер мен жиынға қатысқандардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50