Қазақша   Русский

RSS-лента

Суға кеткен аумақтарды тексеру және келтірілген шығынды анықтау жөнінде комиссия және 7 мобильді топ құрылды

Су тасқынына байланысты Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.
Қала әкімі суға кеткен бау-бақша аумақтарын тексеру жөнінде қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров төрағалық ететін комиссия құрды, комиссия келтірілген шығынды анықтау және су тасқыны зардаптарын жою жөнінде шаралар алу жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ су тасқыны салдарынан келген шығындарды анықтайтын 7 мобильді топ құрылды, оның құрамына қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерінің, Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы, көші-қон полициясы басшылары мен мамандары кірді.
Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов өткізген мәжілісте мобильді топтар су алып кеткен аумақтарға бекітілді, жұмыс тәртібі анықталды, жұмыс мұқият, жеке-жеке және ашық жүргізілетін болады. Жұмыстың басынан бастап БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желілердегі белсенді блогерлерді тарту жоспарлануда.
Мәселен, қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Байырханов жетекшілік ететін мобильді топ «Махамбет» тұрғын ауданына, қала әкімінің орынбасары Н.Алдияров жетекшілік ететін мобильді топ Елек өзені арнасы бойындағы Кірпішті ауылынан Өрлеу ауданына дейінгі аумаққа бекітілді.
Басқа мобильді топтар Сазды, Елек, Песчанка, Бұтақ, Жаман Қарғалы өзендері арналары бойындағы бау-бақша аумақтарында, Сүт зауыты, Бекқұл баба, Өрлеу ауылдарында, басқа да суға кеткен аумақтарда жұмыс істейтін болады.
Комиссия және мобильді топтар қолданыстағы заңнамалар аясында әрбір отбасымен жеке-жеке жұмыс істейтін болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50