Қазақша   Русский

RSS-лента

«Еске алу» күні бойынша ақпарат

2017 жылдың 21-25 сәуір аралығында «Еске алу» күніне байланысты «Орталық базар – Қалалық қорым» бағытында жолаушылар тасымалын №40 қалалық қоғамдық көлік қамтамасыз етеді.
Бағыттың қозғалыс кестесі:
Орталық базардан шығу уақыты әр сағат сайын: 9:00 – 17:00.
25 сәуірде автобустар саны ұлғаяды және қозғалыс аралығы қысқарылатын болады.
Бағыт қозғалысы:
Орталық базар аялдамасы (Т.Ахтанов көшесі) – Пушкин атындағы саябақ аялдамасы (Шернияз көшесі) – Жамбыл аялдамасы (Шернияз көшесі) – Жуковский аялдамасы (Жанқожа батыр көшесі) – Сады аялдамасы (Жанқожа батыр көшесі) – Взрывпром аялдамасы (тас жол бойымен) – «Қалалық қорым».
Автобустарда жол жүру ақысы – 55 теңге, 7 – 15 жас аралығындағы балаларға жүру ақысының 50%. Автобустарда жеңілдікпен жүру ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, 1,2 топтағы мүгедектерге қарастырылған.
Қазіргі таңда бағыттың жүру сызбасы бойынша автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50