Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде кезекті жер аукционы өтті

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша кезекті аукцион (ағылшындық әдіс) өтті. Аукционға жарнамалық құрылымдар мен аялдама павильондарын орнату және құрылысы үшін 13 лот шығарылды. Өтініштер 5 лот бойынша түсті. Қалған учаскелер саудаға қайтадан шығарылатын болады.
Мәселен, Әбілқайыр хан даңғылы бойында (Ғ.Жұбанова көшесімен қиылыстан Ә.Молдағұлова даңғылына дейін) "Mupi" үлгісіндегі жарнамалық құрылымды орнатып, қызмет көрсету жөніндегі 1 лот (10 бірлік) бастапқы бағасы 5 мың теңгеден болып, 4,1 млн теңгеге сатылды. Әбілқайырхан даңғылы бойында (Ә.Молдағұлова даңғылымен қиылыстан Абай даңғылына дейін) "Mupi" үлгісіндегі жарнамалық құрылымды орнатып, қызмет көрсету жөніндегі екінші лот 5 млн теңгеге сатылды.
Шәйкенов көшесі бойында, Батыс-2 шағын ауданында және «Малышкада» аялдама павильондарын орнату үшін 3 учаске өз қожайындарын тапты.
Келесі аукцион 2017 жылдың 21 сәуірінде өтеді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50