Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында жылыту маусымының аяқталуы туралы

Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» шешімінің 45 тармақшасына сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан жоғары болуына байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша жылыту маусымының аяқталуы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар үшін 2017 жылғы 21 сәуірі, мектептер, мектепке дейінгі және медициналық мекемелер үшін 2017 жылғы 4 мамыр болып белгіленсін.
2. «Трансэнерго» акционерлік қоғамына (А. Сакиев) 2017 жылғы 21 сәуірінен бастап қала объектілерін жылумен жабдықтауды тоқтату бойынша қажетті шаралар алу ұсынылсын.
3. «Трансэнерго» акционерлық қоғамы тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілерінің жабдықтарының жұмысының бекітілген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдансын.
4. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорын ұстау және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға объектілерді орталық жылу жүйесін сөндіріп және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз ету бойынша шаралар алу ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50