Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе облысының 85 жылдығына және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған «Өнерге ғашық жүрегім» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекелік кеші

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ а.ж. 25 сәуір күні сағ.15:00-де Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Ақтөбе облысының 85 жылдығына және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған «Өнерге ғашық жүрегім» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекелік кешін өткізеді. Кеште өмірін өнермен ұштастырғанмүгедек жандар, «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ шығармашылық ұжымы, «Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі» КММ-нің және «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің талантты жандары өнер көрсетеді.

Кештің мақсаты:
- үлкен қоғам назарын мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелерге аудару;
- мүмкіндігі шектеулі, бірақ талантты жандардың өнеріне қолдау көрсету, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
- мүмкіндігі шектеулі жастарды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберінде тең құқылы тіршілік етулеріне жағдай жасау.

Келіңіздер, көріңіздер! Мүмкіндігі шектеулі талантты жандардың өнеріне қолдау көрсетіңіздер! Біз сіздерді асыға күтеміз!

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50