Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде аукцион барысында 23,7 млн теңгеге жер учаскелері сатылды

Бүгін өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін 3 жылға жалға беру жөнінде кезекті жер аукционы (ағылшындық әдіс) сатылды.
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ұшқын Мыңбаевтың айтуынша, аукционда 4 жер учаскесі сатылған. Сауда нәтижесі бойынша алаңы 0,47 га, 0,35 га және 0,72 га 3 жер учаскесі Ақтөбе өнеркәсіптік зонасында орналастырып, қызмет көрсету үшін бастапқы бағасы тиісінше 362,9 мың теңге, 270,2 мың теңге және 561,6 мың теңгеден басталып, 5,5 млн теңге, 6,1 млн теңге және 7 млн теңгеге сатылды.
Өнеркәсіптік зонада газ толтыру стансасын орналастырып, қызмет көрсету үшін алаңы 6 гектар жер учаскесі бастапқы бағасы 4,6 млн теңгеден басталып, 5,1 млн теңгеге сатылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50