Қазақша   Русский

RSS-лента

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Қала әкімінің орынбасыры Лаззат Уразбаеваның төрағалығымен, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры И.Мұхановтың қатысуымен Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста себепсіз сабаққа ұзақ уақыт бойы бармай жүрген, қылмыс жасаған, үнемі үйден кетіп қалатын оқушылардың және ата-аналық міндеттерін заңға сәйкес орындамай жүрген ата-аналардың істері қаралды. Отырыста 11 материал қаралды. Олардың ішінде, 3 ата-ана мен 8 кәмелетке толмағанға қатысты. 3 кәмелетке толмағанды девинатты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жіберу бойынша сотқа арызбен жүгіну, қылмыс жасаған 5 кәмелетке толмағанға қайта құқық бұзушылық жасамау бойынша ескерту, 2 ата-ананы өз міндеттерін заңға сәйкес орындамай отырғаны бойынша әкімшілік жазаға тарту және соңғысына ескерту беру шешімдері шығарылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50