Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ жұмыс жасап жатыр

Осыдан 20 жыл бұрын Ақтөбе қаласы әкімінің 1997 жылғы 17-сәуірдегі №432 шешімімен қаламызда жалғызбасты қарттарға көмек көрсететін әлеуметтік жәрдем орталығы ашылды. 2005 жылдан бастап Орталықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі бөлімше жұмыс істей бастады.
Басты міндеті - жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде, жеке сауықтыру бағдарламасында қарастырылған жағдайда, ерекше қажеттіліктері бар балаларға мемлекеттік қызмет көрсету.
Қазіргі уақытта Орталықта 101 әлеуметтік қызметкер 627 жалғызбасты қарт пен 183 ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Жас құрамы бойынша: 101 әлеуметтік қызметкердің 25-і 40 жасқа дейін, ал 76-сы 40 жастан асқан әйел адамдар.
Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық міндеттері: өнеркәсiптiк, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет мекемелеріне қажеттi қызметтерге тапсырыс беру, азық-түлік, дәрi-дәрмектерді сатып алып үйге апарып беру, пәтерлерін жинау, тамақ істеуге көмектесу, дәрігерді үйге шақыру, госпитализация жағдайында ауруханаға барып тұру, қамқоршылық, жәрдемақы тағайындау, анықтау немесе көмектiң тағы басқа түрлерiне, арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарға орналастыруға құжаттарды ресiмдеуге жәрдемдесу, қажеттілік туындаған кезде жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, тыңдау, жігерлендіру, белсенділікке мотивациялау. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары мен жеке гигиенаға үйрету және де қызмет алушының отбасы мүшелерін оңалту және өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруды үйретуге ерекше көңіл бөлінеді.
Қызмет көрсету жиілігі аптасына 2 рет 1,5-2 сағаттан.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың олардың көмегі мен жанашырлығына мұқтаж екенін білетін әлеуметтік қызметкерлер өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

«Әлеуметтік жәрдем орталығы»КММ-нің мекен-жай:
Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар к-сі, 289«А»
телефоны: 950-945

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50