Қазақша   Русский

RSS-лента

Қалалық әкімдік ғимаратында дағдарыс туындаған жағдайдағы дайындық жөнінде сұрақтар талқыланды

Қалалық әкімдік ғимаратында «Лаңкестік қауіпке дайындық», «Ақтөбе облысындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» жобасының алтыншы бағытының жүзеге асырылуы жөніндегі Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмаларын түсіндіруге арналған жиналысы өтті.
Жиналысқа мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, құқық қорғаушы органдар және күзет құрылымдар, оқу орындар, басқарушы компаниялар, кәсіпорын және мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Ақтөбе облысының ІІД бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиев дағдарыс туындаған жағдайда халықтың дайындығын қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыс туралы мәлімдеді. Қатысушылар назарына оқытатын видеороликтер ұсынылып, кейін талқылау басталды. Аталған іс-шаралар облыстың бес ауданында жүргізіліп, тұрғындармен 26 кездесу өтті.

Қ.Жақсығалиевтің айтуы бойынша азаматтардың қауіпсіздігі құқық қорғаушы органдарының әрекетінен ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың белсенділігі, зейінділігі, қырағылығына байланысты. Сол себепті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары өткізіліп жатыр.
Сонымен қатар, жиналыста қылмыскерлік деңгейі жалпы 40% төмендегені айтылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50