Қазақша   Русский

RSS-лента

Комиссия су тасқынына байланысты көшірілген азаматтарға көрсетіліп жатқан көмек барысы туралы хабарлама жасады

Қалалық әкімдікте қоғамдық кеңес мүшелері көктемгі су тасқыны кезінде суға кеткен орындардан көшірілген азаматтардың қазіргі жағдайлары туралы ақпараттар берді.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова атап айтқандай, су тасқынының бірінші кезеңінде азаматтарды көшіру жұмыстары жүргізілді, 800-дей адам, оның ішінде 324 бала орта мектептерге уақытша орналастырылды.
Мектептерде барлық жағдайлар жасалды, төрт мезгіл тамақ, медициналық және психологиялық көмектер ұйымдастырылды.
Су тасқынынан зардап шеккендер азық-түлікпен, бірінші кезекте қажетті бұйымдармен, киімдермен қамтамасыз етілді. Жұмысты ұйымдастыруда волонтерлық топтар үлкен көмек көрсетті.
Емдету үшін 10 бала «Ақбөбек» айықтыру орталығына орналастырылды, 20-ға жуық бала түрлі аурулардан емделуі үшін қаланың емдеу мекемелеріне жатқызылды. С.Шынтасова айтуынша, бұл күндері үш бала дүниеге келді, олардың аналарына қажетті көмектер көрсетілді.
Мектеп оқушылары ата-аналарының және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өтініштері бойынша мектептерді босату туралы шешім қабылданды.
Өткен демалыс күндері 8 күн бойы су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан мектептер босатылды. Ол мектептер дезинфекцияланып, қазір мектептер күнделікті оқу режімінде жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Рузия Айдашеваның айтуынша, 110 отбасы уақытша пәтер жалдаулары үшін 30 мың теңгеден алды. Демалыс күндері волонтерлардың көмегімен отбастары мен олардың заттары жалдамалы пәтерлерге көшірілді. Бұл 3 млн 300 мың теңге қаржы қоғамдық қордан бөлінді.
Қаржы және материалдық көмек жинау жұмысының ұйымдастырылғаны көпшілікке белгілі. «Қолғанат-Ақтөбе» қорының төраймы Гүлшат Масалимованың айтуынша, құрылған қоғамдық қор есебіне 24 сәуірге жеке тұлғалар мен ұйымдардан 11 миллион теңге қаржы түскен. Қаражат әлі де түсіп жатыр. Одан басқа, заттар, киімдер жинау қоймаларына әлі де түсіп жатыр.
Қала әкімінің орынбасары Л.Оразбаева көрсетіліп жатқан барлық қайырымдылық көмектері есепке алынып, бақылауда ұсталуда екенін айтты.
«Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Н.Бөртебаева уақытша орналастыру орындарында жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. Әрбір отбасына әлеуметтік төлқұжат жасалды, жұмыста жоқтар мен өз бетінше жұмыс істейтіндерге еңбекке орналастыру немесе кәсіпке оқыту туралы ұсыныс жасалды. Олар сондай-ақ 28 сәуірде өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырылды.
Журналистер су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары алдағы уақытта қалай қайтарылатыны туралы сұрады.
Өздеріңізге белгілі, қалалық әкімдікте қалалық комиссия құрылды, қазіргі кезде 7 мобильді топ бау-бақша массивтерін тексеріп, зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Құрамында әкімдіктің, сәулет, жер қатынастары бөлімдерінің, мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері бар мобильді топтар бау-бақша ұжымдарындағы және қала шетіндегі 1 840 үйді аралап шықты. Оның ішінде 77 үй толықтай құлап қалған, олар негізінен бау-бақша ұжымдарындағы және Новостройка Махамбеттегі сабан кірпіштен салынған үйлер.
Қалған үйлер жөндеуді қажет етеді. Бұл қазіргі мәліметтер. Әлі 30 үй тексерілген жоқ, өйткені ол үйлер әлі судың ортасында тұр. Сондай-ақ қазіргі кезде бірқатар үйлердің иелері табылмауда.
Комиссия бұдан әрі де әрбір отбасымен жеке-жеке жұмыс жүргізетін болады. С.Шынтасованың айтуынша, бұл жұмыстың үшінші кезеңі болмақ.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50