Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті, 2006 жылы жер учаскелеріне өтініш білдірген кезектегі азаматтар!

Ақтөбе қалысының әкімдігі жер кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласы, «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында салынатын тұрғын үй мен оған қосымша берілетін жер учаскелеріне өтініш қабылдайтындығын хабарлайды.
Аталған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер қаламыздың жаңа «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында салынады. Мөлтек ауданда 1000-1200 орындық мектеп құрылысы мен 280-320 орындық мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы қарастырылған.
Тұрғын үйлерді салу барысында жоғары сапалы құрылыс материалдары қолданылуда.
Бағдарлама аясында жер кезегінде тұрған азаматтар тек жер учаскелерін алып қана қоймай, дайын үйге қол жеткізе алатын болады.
Бағдарлама қатысушыларына 2 маңызды шартты орындау қажет:
1. Олар жер кезегіндегі азаматтардың тізімінде болуы қажет;
2. ТҚЖБ –де жинақ салымы болуы қажет.
1 шаршы метріне құны 120 000 теңгені құрайды. Тұрғызылатын үйлердің алаңы 123,4 ш.м.-ден 146,7 шаршы метрге дейін.
Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді алу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы тұрғын үй құнының алғашқы 30% салымын сала отырып, жылдық 5% үстемемен банктік қарыз алу жолымен қарастырылған.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті есептеулер мен параметрлер, сондай-ақ табыс мөлшері туралы түсіндірме және толық ақпарат беру жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының 2, 3, 5, 10, 12, 16, 17, 19, 23, 24, 26, 30, 31 күндері (сағат 9:30-13:00 дейін, 14:00-18:30 дейін) Т.Ахтанов көшесі 52 мекенжайында орналасқан Драма театры ғимаратында өткізілетін болады.
Қатысушыларға өздерімен бірге жеке куәліктерін және зейнетақы қорынан үзінді көшірмесін ала келулерін сұраймыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50