Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе мамыр мерекелеріне дайындалуда

Қазақстан халқының бірлігі Күнін, Отан қорғаушылар Күнін және Жеңіс Күнін мерекелеу аясында қала әкімдігімен көптеген қоғамдық маңызды, мәдени-көпшілік және спорттық шаралар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, байқаулар, театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттік бағдарламалардан құралған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Жалпы осы мереке күндері қарсаңында және мереке күндері Ақтөбеде (3 мереке есебімен) 500-ге жуық ірі мерекелік шаралар өтеді.
Қаланың эстетикалық келбетін қалыптастыру, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, мамыр мерекелеріне Ақтөбенің көшелері мен даңғылдарын мерекелік безендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қаланың көшелерінде билбордтар, тутұғырлары, түрлі-түсті жалаушалар, жарық сәулелі құрылғылар қаланың көшелері мен аландарын безендіреді. Сонымен қатар, өздерінің сөрелері мен қасбеттерін кәсіпкерлік нысандары безендіреді.
1 мамыр сағат 10.00-ден этно-мәдени бірлестіктердің, саяси партиялардың, ҮЕҰ өкілдерінің, каланың кәсіпорындары мен ұйымдарының, банк қызметкерлерінің, мемлекеттік кызметкерлердің, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің, денсаулық сақтау, білім және спорт саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Мир» бизнес орталығынан «Бірлік пен Келісім» сулы-жасыл гүлзарға дейін «Бір шаңырақ астында» атты салтанатты мерекелік шеруі өтеді.
1 мамырда «Бірліктің шаңырағы – киелі Қазақстан!» атты мерекелік шаралар қаланың 6 мәдениет және демалыс алаңдарында өткізіледі: сулы-жасыл гүлзарда, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс және «Ретро» саябақтарында, «Металлург» мәдениет Үйі алаңында, бұл алаңдарда сағат 11.00 бастап қаланың мәдениет мекемелерінің, орта мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді. Мерекелік бағдарламалар аясында Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі спорттық сайыстар ұйымдастырса, ал қалалық кәсіпкерлік бөлімі түрлі ұлттардың тағамдарының көрме-саудасын ұйымдастырады.
Ақтөбеліктер үздік ұжымдардың көңілді және тамаша қойылымдарының куәсі бола алады. "Бірлік және келісім" сулы-жасыл гүлзары алаңында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, білім басқармасының және Қазақстан халқының Ассамблеясы «Бірлігі жарасқан – киелі Ақтөбем» атты әдеби-музыкалық, хореографиялық композиция ұйымдастырады. Бағдарламаны "Аққу" би ансамбілі және "Достық сазы" фольклорлық ансамбілі, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілері жалғастырады және көрермендерге «Ұлттар достығы» атты мерекелік бағдарламаны сыйға тартады.
Сонымен қатар, ақтөбеліктер этно-мәдени бірлестіктердің, қаланың кафелері мен мейрамханаларының арасында өтетін бауырсақтар байқауына, сурет байқауына қатыса алады. Сонымен бірге,«Қолөнер – дәстүрдің жалғасы, сөнбестің айғағы!» атты көрмеде керемет қолданбалы бұйымдарды тамашалай алады және «Ақ дастархан!» атты көрме-саудада түрлі ұлттардың тағамдарынан дәм татады.
Қала субұрқақтарының жазғы маусымының ашылуына орай мереке кешкі сағат 20.00 ден 22.00-ге дейін «Су бұрқақ шашуы!» атты бағдарлама Абай даңғылындағы гүлзар алаңында жалғасын табады.
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ән ғұмыры саябақ» атты саябақтың жазғы маусымының ашылуы өтіп, «FIFE» вокалды аспаптар ансамбілі өз өнерлерін көрсетіп, барлық тындармандарға ретро әндер сыйлайды.
А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында "Бипыл" вокалды-аспаптар ансамбілінің ретро әуендерінің кеші өтеді.
Отан қорғаушылар Күніне 1 және 7 мамыр аралығында көптеген спорттық шаралар өткізіледі. Облыс әкімінің кубогіне 2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан ІІ Халықаралық турнир өтсе, 3 және 4 мамыр күндері "Достық" лагерінде туристік слет өтеді.
3 мамыр күні Тұңғыш Президенті атындағы саябақта «Отан қорғау – қасиетті борыш!» атты еліміздің Қарулы күштеріне әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі, «Мен Қазақстан сарбазымын» атты әскери техникалық мектепте танымдық кездесу ұйымдастырылады.
5 мамырда грек-рим күресінен қалалық турнир, "Геолог" мәдениет Үйінде «Жігіт сұлтаны» атты байқау өткізіледі.
7 мамыр "Қоныс" спорт Сарайында дзюдодан Халықаралық турнир, Т.Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштері әскери институтында «Каһарман» әскери-патриоттық ойын өтеді.
7 мамыр облыс әкімдігі алдындағы алаңда әскери парадтың тікелей трансляциясы, «Ерлер -жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты мерекелік бағдарлама өткізіледі.

Ұлы Отан соғысының қатысушыларын және тыл еңбеккерлерін марапаттау бойынша шаралар, кездесулер, мерекелік бағдарламалар, фестивальдер, концерттер, театрландырылған қойылымдар меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің еңбек ұжымдарында, әскери бөлімдерде, оқу орындарында, мектептерде және мектептен тыс ұйымдарда, мәдениет және спорт мекемелерінде және т.б. өткізіледі.
Мереке қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне медициналық көмек көрсету бойынша, үйлері мен пәтерлерін тазалау және тәртіпке келтіру бойынша, жинау және аулаларындағы қоқысты шығару бойынша акциялар ұйымдастырылады.
9 мамыр сағат 9-00-де "Мәңгілік алау" Даңқ обелискі жанында, Батырлар Аллеясында, Ә.Молдағұлованың Мемориалы және ескерткіші жанында, Бауырластар зиратында, "Пушка" белгі-ескерткішінің жанында "Мың тағзым" атты еске алу және гүл шоқтарын қою церемониалы өтеді.
Ақтөбеде «Қаһарман ұлт – Бессмертный полк» атты шеру өтеді. Шеруге барлық ақтөбеліктер қатыса алады. Ниет білдірушілер соғысқа қатысқан туысқандарының портреттерімен келе алады. Жиналатын орын мен маршрут қосымша жарияланады.
Қаланың барлық мәдени-демалыс алаңдарында: ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және "Ретро" саябақтарында, "Керуен сити" сауда ойын-сауық орталығында, "Металлург" мәдениет Үйінде сағат 11.00 «Жеңісті жақындатқан майдангерлер» атты мерекелік бағдарламамен қаланың мәдениет мекемелерінің, жоғарғы және арнаулы-орта оқу орындарының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді.
Мерекелік бағдарламалар аясында Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырса, ал қалалық кәсіпкерлік бөлімі мерекелік сауданы ұйымдастырады.
"Жеңіс төрінде" атты "Дала асханасы" ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, "Керуен сити" сауда ойын-сауық кешені және А.С.Пушкин атындағы саябақта ұйымдастырылады.
Мереке кешкі сағат 20.00 ден 22.00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалғасып, эстрадалы-үрмелі музыка оркестрі және "Ақтөбе" вокалды-аспаптар ансамбілі қала тұрғындарына «Жеңіс әні шырқалсын» атты вальс кешін сыйлайды, А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында бард әндерінің тындармандарына "Халықтық" "Рюкзак" бард клубының авторлық әндерінің кеші ұсынылады.
Сағат 22.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта "Жеңіс салюті" атты мерекелік отшашу ұйымдастырылады.
Толығымен іс-шаралар жоспары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50