Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысын сапалы жүргізуді тапсырды

Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов таңертең ертелетіп әкімдіктің, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің жауапты қызметкерлерін қала бойынша рейдке шығарды.
Ғазиза Жұбанова көшесінен бастап, Сәңкібай батыр және Ә.Молдағұлова даңғылдары бойымен «Батыс-2» шағын ауданына дейін жаяу жүріп өтті.
Қалабасы тротуарлар мен жолдардың, арықтардың, контейнерлік алаңдары бар аулалардың, автобус аялдамаларының, құрылыс алаңдарының, бизнес нысандарына қарасты аумақтардың, май құю стансаларының санитарлық жағдайын, көшенің жарықтандырылу тіректерін қарап шықты.
Проблемасы бар учаскелерді іздеп те қажеті жоқ еді, өйткені бәрі көзге көрініп тұрды. Ғ. Жұбанова көшесінен Гришин көшесіне бұрылар жердегі арықтан су жүрмейді. Бүкіл жерде бордюрлер лас, балшық, бордюрлердің жандары тазартылмаған, тротуарлар мен адамдар жүретін жолдардың жағдайлары нашар, аулалардағы контейнерлер қойылған алаңдар қоқыстарға толы.
Қаланың санитарлық жағдайы, инфрақұрылымдарды күтіп, ұстау бойынша анықталған кемшіліктер қалалық әкімдікте сол күні өткен жедел жұмыс кеңесінің тақырыбына арқау болды. Қала әкімі қала және ауылдық округтер аумақтарында санитарлық тазалық бойынша өтіп жатқан үш айлық аясындағы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысындағы көптеген кемшіліктерді атап айтты.
І.Испанов өзінің қарамағындағылардан жарияланған үш айлық аясында жұмысты жандандыруды, тұрғындар арасында жұмыс жүргізуді, кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу орындарының, кәсіпкерлік нысандарының, ПИК және кондоминиумдар басшыларынан бекітіліп берілген аумақтарда тазалық пен тәртіпке келтіру сенбіліктеріне белсене қатысуды талап етті.
Жауапты қызмет көрсететін ұйымдарға, басқарушы компаниялар мен коммуналдық кәсіпорындарға қысқа уақыт ішінде барлық кемшіліктерді жоюды, қалалық инфрақұрылымдардың, оның ішінде қоғамдық көліктердің, бағдаршамдардың тұрақты жұмыс істеуін, жол белгілерімен қамтамасыз етуді, тротуарлардың уақытында тазартылуын, қатты-тұрмыстық қалдықтар шығару кестесінің сақталуын, стихиялық қоқыстарға жол бермеуді, аумақтағы бордюрлердің жандарын тазартуды тапсырды.
Қала басшысы күнделікті бақылау жасау үшін қаланың нақты аудандарына өзінің орынбасарларын, аппарат басшысын және мемлекеттік мекемелер басшыларын жауапты етіп бекітіп, қызметтердің басшыларына тапсырылған учаскелерге жеке жауап беретіндерін ескертті.
Айта кету керек, 29 сәуірде өтетін сенбілік барысында тәртіпке келтіру, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша үлкен жұмыс көлемі атқарылуы тиіс.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50