Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 16-шы сессиясы өтті

Бүгін Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының пленарлық отырысы өтті. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі И.Испанов қатысты.
Сессия барысында қала әкімі И. Испановтың ұсынысы бойынша Ақтөбе облысы ІІД-нің Ақтөбе қаласы бойынша ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі басшысы лауазымына тағайындауға полиция подполковнигі Арман Утешевтың лауазымын тағайындауды келісу туралы шешім қабылданды.
Арман Ахметиярұлы Утешев 1979 жылы Ақтөбе облысының Хобда ауданында туылған, Б.С.Байсеитов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Учаскелік инспектор, тергеуші, Ақтөбе облыстық ІІД-ның Хобда аудандық ІІБ-нің бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Сессия барысында сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің ІІБ-нің 2017 жылғы 1 тоқсандағы атқарған жұмысы тыңдалды. ЖПБ басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған Н.Алдамжаров өткізілген шаралар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Атқарылған жұмыстар барысында қылмыстық құқық бұзушылықтар 63%(4266-дан 2614 дейін) төмендеген, оның ішінде қоғамдық жерлердегі құқық бұзушылықтар 30% (1830-дан 1290 дейін) , көшелерде 16%.
Жалпы, көшедегі құқық бұзушылықтар, атап айтсақ тонау 29,1%, бұзақылық 48% төмендеген.
Сонымен қатар, қала бойынша ұрлық 46%, оның ішінде пәтер ұрлығы 36% төмендеген.

Аталмыш сұрақты талқылау барысында қала әкімі жергілікті полиция қызметі басшысына қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде учаскелік инспекторлар жұмысы, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т. б.нақты міндеттер қойды.
Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттарымен мәслихат шешімдерінің бірқатарына өзгерістер енгізілді, оның ішінде «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 «Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50