Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы болып Шегебаев Танат Шалұлы тағайындалды

Т.Ш. ШЕГЕБАЕВ 1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін сәулетші біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс халықаралық университетін құқықтану бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
Астана қаласы «Атамекен Қазақстан картасы» «Этно-мемориалдық кешені» МКҚК суретші-дизайнері, «Жаңа Сәулет» ЖШС сәулетшісі, «Ғылыми-зерттеу, жобалау және құрылыс орталығы «КазАрхСтрой» ЖШС сәулетшісі, «Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты» МКК маманы, жетекші маманы, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» ММ сарапшысы, бас сарапшысы, бөлім басшысы, "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" ЖШС жобалық тобының басшысы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (ҚР Жоғарғы Соты аппаратының) Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының бас консультанты болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс атқарды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50